Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында эндоскопиялық сараптама орталығы ашылды. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған орталық қатерлі ісікті бастапқы сатыда анықтауға, тиімді ем жүргізуге ықпал етеді. Су жаңа орталықтың ашылу салтанатына аймақ басшысы Ермек Көшербаев қатысты.
Жаңа орталықта асқазан-ішек жолдарының патологияла¬рына, өкпе-қолқа ауруларына диагностикалық зерттеу жасалады. Эндоскопиялық әдіспен емдеу жүргізіледі. Ал инвазивті операциялар ауруханада жату уақытын қысқартып, оңалту кез嬬ңін азайтуға мүмкіндік береді. Облыс тұрғындары мұнда диаг-ностикалық тексеруден өту немесе ем қабыл¬дауға өз мекен¬¬¬жайында тіркелген емха¬наның жолдамасы арқылы келе алады.
Орталықта жұмыс істейтін мамандар шетелде білім алып, тәжірибе жинап келген. Лента қию рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Ермек Көшербаев ақ халаттыларға сәттілік тіледі. Жаңа орталықтың ашылуымен құттықтап, медицина саласының дамуы үшін түрлі қолдау көрсетілетінін айтты.
Эндоскопиялық сараптама орталығы жақын арада пациенттерді қабылдауды бастайды. Бүкіл ел бойынша осындай орталықтардың ашылуы денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.