Зайсан ауданында іске асырылып жатқан игі бастамалар ауқымды. Мәселен, мұндағы ауылдарда тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды. Осылайша, жергілікті билік өкілдері елдімекендердегі қордаланған мәселе мен шекаралық аймақтағы ағайынның сұранысын нақты шаралармен іске асырып отыр.

Зайсан ауданында қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ауылдағы игі бастама мемлекеттік бағдарламалар мен инвестиция тарту арқылы іске асырылуда.

Аэлита Ахметсәлімқызы, Зайсан ауданының әкімі:

Тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Былтырғы жылы 68 тұрғын үй салынды. Биылғы жылы 96 тұрғын үй салынып жатыр. Қазіргі таңда тағы 30 пәтерлі екі үй салынуда. Білім саласына келсек осы жолы 300 орындық мектеп салынды. Екі ауылда мектеп құрылыстары аяқталуға шақ қалды. Спорт саласына келсек Айнабұлақ ауылында жаңа модуль салынды. Жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Инвестиция көлемі 10,7 миллияр теңгені құрап өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артты.

Ал, Айнабұлақ ауылдық округінде тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Жергілікті әкімдік осылайша баспанаға мұқтаж азаматтардың мәселесін шешуді қолға алған.

Айбек Матанов, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі:

Айнабұлақ ауылы бойынша 12 пәтердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қайнар ауылында 6 пәтердің құрылысы аяқталуға тәмәм. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында осы аталмыш пәтерлерді беру жоспарлануда. Соңғы үш жылда 42 пәтер берілді. Ондағы әр-бір үйдің жер аумағы 20 сотыхтан. Қырық та елу.

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлердің сапасы қатаң бақылауда. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде, дейді мердігер мекеме өкілдері.

Медет Успанов, жеке кәсіпкер:

Осы Айнабұлақ ауылында 70 шаршы метрлік бір үйімді салдым. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Су, газ қосылып тұр. Қоныстануға дайын үйіміз. Былтыр осы ауылда алты үй салған болатынбыз. Биыл Айнабұлақ ауылында бір үй салып отырмыз. Үйлердің сапасы жақсы. Қабырғасы полистеролбитон керпішімен қаланған. Сырты фибробитонмен қапталған. Төбесі черепитса.

Бұдан бөлек, Айнабұлақта спорт модульі де салынуда. Жаңа нысан қолданысқа берілсе ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік ашылады.

Рустам Галиулин, «АЗИЯ-ПРИНТ» ЖШС Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері:

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталды.Жобаның жалпы құны - 537 млн.тг. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру, ішкіжәне сыртқы әрлеу жұмыстары іске асырылуда. Алдағы уақытта асфальт төселеді. Нысанды жыл соңына дейін қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз.

Баспанамен қамту жұмыстары Кеңсай ауылдық округінде де іске асырылуда. Мәселен, Жарсу ауылында төрт отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды.

Аслан Смаилов, Кеңсай ауылдық округінің әкімі:

Сіздерге үйлеріңіздің іші жанға, сырты малға толсын. Дастархандарыңыз тек жақсылыққа жайылып, осындай қуанышты күндеріңіз көп болсын. Барлықтарыңызға мереке құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық. Дендеріңізге саулық. Ауылымыз көркейіп осылай, сәні мен салтанаты жарасқан үйлердің құрылысы әрімен жалғасын табаберсін деген ойдамыз.

Шекаралық аймақты дамытуға бағытталған шаралар легі мұнымен аяқталмақ емес. Ауылдағы ағайынның өмір сапасын арттыру мақсатында тың бастамалар келер жылы да жүзеге асырылады.

Сая Жарасқызы, Нұртас Қайролдаев