Облыс орталығындағы №34 мектеп-лицейде жаңартылған акт залы ашылды. Зал жаңа жабдық, жиһаз және үлкен LED экранмен толықты. Жөндеу жұмысына мұрындық болған «Казцинк» компаниясы. Ғимаратқа 23 миллион теңге қаражат бөлінген.
№34 мектеп-лицейі жаратылыстану-математика бағытында білім береді. Мұнда оқушылар физика, химия, биология және математика пәндерін тереңдетіп оқиды. Олар күнделікті ғылыми зерттеу жұмыстарынан бөлек, шығармашылық жолды бірге алып жүреді.
Ольга Ананишникова, № 34 мектеп-лицейінің директоры:
Мектебімізде жаңа акт залы ашылды. Барлығымыз қуаныштымыз. Көп жылдар бойы күткен сәттердің бірі десекте болады. Білім ордасының негізі 1962 жылы қаланған. Осы аралықта акт залында бірде – бір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Техникалардың да ескіріп, тозып кеткенін жасырмаймыз. Мен «Казцинк» компаниясындағы азаматтарға хат жолдадым. Кәсіпорын өкілдері бірден жауап беріп, көмек көрсетті. Мектептің мәдениет орталығы енді шығармашылық кештер, түрлі концерттер ұйымдастыруға дайын. Шараларда жаңа цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні қолдана отырып өткізбекпіз.
Бұл «Қазцинк» компаниясының оқушыларды қолдаудағы алғашқы игі ісі емес. Осыған дейін мекеме мектепке спорт алаңын салу жобасын қолдап, жүзеге асырған болатын.
Андрей Лазарев, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:
Жыл басында біз «Арман қала» конкурсы аясында салынған жаңа спорт алаңын ашқан едік. Сол кезде балалар, тағы бір ұсыныстары бар екендігін жеткізген болатын. Ол осы акт залының жөндеу жұмыстарына қатысты. Зал бар болғанымен, тым ескі, қолдануға қолайсыз. Сондықтан бірден бұл сұрақтың шешімін табуға тырысып, оқушыларға қуаныш сыйлап отырмыз.
Мектеп оқушылары үшін бұл ерекше сәт. Олар енді сахнада ән салып, нағыз мерекелік көңіл – күйді сезіне алады.
Макар Исаков, № 34 мектеп-лицейінің оқушысы:
Бұл біздің мектеп оқушылары, ұстаздарының көптен күткен арманы. Акт залы стандарттарға сай, ең соңғы үлгіде жабдықталған. Мектебімізде таланттар фестивалі деген дәстүр бар. Ал енді осындай жаңа акт залының арқасында, деңгейіміз көтерілетін сияқты. Жаңа мүмкіндіктер ашылды. Мұнда мұғалімдер күні, 8 наурыз, 9 мамыр сынды мерекелерді өткізуге болады. Экран орналасқан, бұл жерде құттықтау видеоларын көрсетуге болады. Барлығымыз қуаныштымыз, «Казцинк» компаниясына алғысымыз шексіз.
Гүлдана Айдарқызы, Руслан Абугалиев