Өңірде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында кезекті профилактикалық рейд өтті. Бұл жолғы шараны жастар ресурстық орталығы мен ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе ұйымдастырды. Бастама «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, студенттерге есірткінің зияны мен оның салдары туралы түсіндіруді көздейді.

Облыстық жастар ресурстық орталығы мен ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп ұйымдастырған шара білім беру мекемелерінің студенттік жатақханаларында өтті. Мақсат – жастарды есірткіден сақтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру. Шара барысында кинологтар қызметтік иттермен бірге жатақхана бөлмелерін тексеріп, тыйым салынған заттардың бар-жоғын анықтады. Сонымен қатар, мамандар студенттермен әңгімелесіп, нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық парақшалар таратты.

Мәлік Хамитов, ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен жергілікті атқару органдарының бірлесіп қалалық студенттік жатақханаларында рейдтік іс-шараларын өткізді. Рейдтік іс-шараларының негізгі мақсаты жастар ортасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және жолын кесу. Сондай-ақ студенттерді есірткі құралдарын қолдануға және таратуға тұрақты бастартуды қалыптастыру болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар заң бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Профилактикалық іс-шара тек тексеріс ретінде емес, түсіндіру және қолдау көрсету шарасы ретінде де маңызды рөл атқарады. Жастар ресурстық орталығының өкілдері әрбір студентті салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Айдос Әділбеков, Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

Бұндай рейдтік жұмыстар біздің қаламызда және облысымызда жүйелі түрде жүргізіліп келеді және жыл көлемінде жалғастырыла беретін болады. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, есірткі және синтетикалық есірткіге қарсы олардың жаңағы салауаты өмір салтын сақтауға маңыздылығын және мәнін арттыру болып табылады.

Мұндай шаралар алдағы уақытта облыс орталығындағы өзге де оқу орындарында жалғасын табады.

Талант Тұрсынов