Қазіргі таңда аймақта 64 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі бар. Облыста өз кәсібін ашуға ниет еткен азаматтар үшін мемлекеттік қолдау шарасы іске аспақ. Соның бірі жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Шығыс Бизнес» бағдарламасы. Бағдарлама өңірлік жобаларды дамытуға көздейді. Азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 7% жеңілдетілген несие берілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.

Осы мақсатта өңірлік жобаларды дамытуға жылдық 7% жеңілдіктегі несие беретін «Шығыс бизнес» жобасы басталды. Бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуды көздейді.

Досжан Болатбек, Облыстық Кәсіпкерлік және индустрия басқармасы басшысының орынбасары:

Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды кепілдендіруді ұсыну. Әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілері үшін мемлекеттік гранттарды беру, жетіспейтін инфрақұрылымды кәсіпкерлік субьектілеріне жеткізу.

Шағын және орта бизнес субьектілерін екі бағыт бойынша қаржыландыру көзделген. Биыл 9 айда мемлекеттік қолдау шараларын алған облыс кәсіпкерлері 177,1 млрд теңге а салық төлеген.

Досжан Болатбек, Облыстық Кәсіпкерлік және индустрия басқармасы басшысының орынбасары:

Кәсіпкерлік субьектілерінің обьектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша биыл 83,3 млн теңге сомасында Ермаковка ауылынан Талов ауылына дейін электрмен жабдықтау желілерін салу жобасы бойынша «Grandfish» компаниясына қолдау көрсетілді.

Биыл облыста 133 жоба мемлекеттік қолдаудың игілігін көрді.Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы атап өткендей, «Шығыс Бизнес» бағдарламасы жаңа жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және өңір экономикасына қажет жобаларды қолдауға мүмкіндік береді.

Аяулым Усинова