Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Құжаттың мақсаты – білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізіп, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Осы бағытта облыс орталығында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттері арасында «New Generation» облыстық IT-фестивалі өтті. Биылғы байқауға өңірдегі 347 мектеп қатысып, нәтижесінде 69 жоба іріктелген. Жалпы 102 оқушы өз жұмыстарын қорғады.
Фестиваль аясында қатысушылар робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу және жасанды интеллект бағытындағы жобаларын ұсынды. Сонымен қатар «Maker Fest», «Junior Skills», «Robotime» және «ClusterPro» секторлары бойынша түрлі технологиялық бағдарламалар мен инновациялық шешімдер таныстырылды.
Бұлбұл Қозыбаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев орта білім жүйесінде ЖИ енгізу бойынша жарлыққа қол қойды. Осы жарлықтың мақсаты осы орта білім саласында инновациялық жаңашылдықтарды енгізу. Бізде ШҚО ЖИ-ті мектептерде енгізу бойынша жұмыстар басталып кетті. Біздің педагоктарымыз жасанды интелект бойынша оқытудан өтті. Соның нәтижесінде бізде IT фестивальі өтіп жатыр. Ары қарай да жұмыстар жалғастыратын болады. Оқу процесінде мұғалімдетін жеңілдету болып саналады ЖИ дегеніміз. Бұдан бөлек балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру. Соның арқасында білім сапасын арттыру болып саналады.
Фестиваль аясында қатысушылардың жұмыстары көрмеге қойылып, жобалар тәуелсіз сарапшылардың бағалауынан өтті.
Айгүл Желпакова, «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі:
Бағалау 100 балдық жүйемен жүргізіледі. Негізгі өлшем бірлік жобаның идеясы, жаңашылдығы және жасанды интеллектіні қолдану деңгейі. Қазір кез келген жобада IT технология мен бағдарламалау элементтері бар. Бұл балалардың заманауи цифрлық ортаға бейімделіп келе жатқанын көрсетеді.
Көрмеде ұсынылған жобалардың басым бөлігі робототехника, жасанды интеллект және ғарыштық технология бағытындағы тақырыптарға арналған. Мәселен, Зайсан ауданының Кеңсай орта мектебінің оқушысы Перизат Жүнісбекова «CubeSat» шағын жерсерігі моделін таныстырды.
Перизат Жүнісбекова, Кеңсай орта мектебінің оқушысы (Зайсан ауданы):
Сайысқа алып келген жобамның тақырыбы cubeSat шағын жерсеріктер мадельін жасау. Жалпы оның қызметін KazFireWatch AI атты жасанды интелектімізбен біріктіріп жасадық. Бұл ардуино программасы арқылы жұмыс жасайды. cubeSat кодын ардуино коды арқылы жасадық. Ал Жасанды интелектті html арқылы жасадық. Жалпы бағдарлама әр 10 сек сайын жаңарып отырады. Ол қауіпсіздікті бақылау үшін. Мұнда температура ауа ылғалдылығы мен түтін жел датчигі бар. Соған байланысты GPS камера дрон көмегімен біздің жасанды интелектке ақпаратты жібереді. Осы ақпаратты өндеп gps ар0ылы сол жақтағы жақын маңдағы адамдарға өрт қауіпі бар деген ақпарат жібереді адамдарға.
Жоба авторлары заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жүйе әзірлеген. Құрылғы бірнеше цифрлық платформаны өзара байланыстырып жұмыс істейді.
Фестиваль қорытындысы бойынша үздік жобалар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені Өскемен қаласының оқушысы Егор Буньков иеленсе, І орын Тарбағатай ауданының командасына бұйырды. Ал Зайсан ауданының «KAZ-FireWatch AI» жобасы ІІ орынға табан тіреді. Бұдан бөлек шарада облыс педагогтері арасында өткен «IT-Ūstaz 2026» байқауының жеңімпаздары да марапатталды.
Нұртас Қайролдаев