Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтегі жетіспеушілікті толықтыру мақсатында 3266 мамандық бойынша байқау жарияланған. Нәтижесінде, 1396 адам қызметке өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті тарапынан жоғарғы оқу орындарының түлектері арасында мемлекеттік қызметке шақыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілер санын толықтыру амалдары қаралып жатқанда 11 айда 247 адам жұмыстан кеткен.