Өскемен – Алматы трассасы жаңартылып жатыр. Осы жылдың мамыр айында басталған жол жөндеу жұмыстарын, еліміздегі жалғыз Астана- Шортанды  автобанын салған итальяндық құрылыс копаниясы қолға алып отыр.  Мамандар тас жолдың сапасы барлық  стандарттарға сай болады дейді.

САҒИ САДЫҚҰЛЫ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

«Біз жол табанын, төсемін толық ауыстырып, негізін құмды-қиыршық тасты қоспадан жасап жатырмыз. Кейін асфальттің үш қабаты  кетеді. Бұл – қара қоспадан жасалған жоғарғы қабат. Астыңғысының төсемі ұсақ тасты-зәйтүн асфальтты бетоннан құйылады. Сапасы жақсы болады. Кепілдік уақыты да бар. Екі жыл бойы біз бұл жолға жауаптымыз»..

Жоба жетекшісі Сағи Садықұлының айтуынша, салынып жатқан жол  берік әрі ұзақ уақытқа жарамды болады. Себебі, құрылысы процесінде арнайы бағаналарды орнату көзделген. Жол жөндеудің арқылы құрылысшылар жарықтандыру тіректерін, электр желілерін, су құбырларын ауыстырып, байланыс  кабельдерін жаңартады. 

ОКСАНА ЧЕРТКОВА