Соңғы мәліметтерге қарағанда, Шемонаиха ауданындағы дәнді дақылдар шығымының орташа көрсеткіші гектарынан 21 центнер. Бұл өткен жылдағыдан 6 центнерге көп. «Қозыбаев» шаруа қожалығында қазіргі күнде 1400 гектар күнбағыс сұрыпталған. Сонымен қоса 1015 гектар жерге егілген жеті түрлі бидай іріктелді. «Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, шаруа қожалығындағы дәнді дақылдар шығымы өткен жылғыдан әлдеқайда жоғары» - дейді агроном Николай Маковицкий.

Құбылмалы ауа-райына қарамастан, шемонаихалық шаруалар агротехникалық іс-шараларды дер кезінде қолданудың арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізді.  Түрленген жаңа машиналар және жұмыс өнімділігі жоғары заманауи тракторлармен жабдықталды. Жалпы, облыс шаруалары бидай және көкөністермен тек  өздерін ғана емес, көршілес облыстарды да қамтамасыз ете алады. Мамандар өнімді өткізу тұрғысында ешқандай проблема жоқ дейді.

АРАЙЛЫМ НЫҒМЕТОЛЛАҚЫЗЫ