"Қазақстан "РТРК" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
"ALTAI" телеарнасында 2024 жылғы 8 желтоқсанда өтетін
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына
кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын
орналастыру үшін эфир уақытын
ұсынудың жалпы шарттары
«Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «ALTAI» Телеарнасынының (бұдан әрі - Телеарна) атынан, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарнада эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.
Телеарнаның эфирлік уақыты «Қазақстан» РТРК» АҚ және шығып қалған үміткерлердің орнына (әрі қарай - Үміткер) тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына үміткерлер арасындағы жазбаша келісім шарт негізінде беріледі.
Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Телеарнада бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Телеарнаның эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.
Телеарнада эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:
1) қазақ немесе орыс тілдерінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес бейнероликтер;
2) өзге де Үгіт материалдары.
Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.
Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.
Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:
1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Телеарна эфирінде Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы белгілейді.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Кандидатқа берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.
Үгіт материалдары Телеарнада эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалына ұсынылуы тиіс.
Үгіт материалдары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20Гц-20000Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффиценті 1%-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеудің 100% анықтығы болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.
Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.
Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.
Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.
Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы оларды эфирге шығарудан бас тартады.
«Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне басқа да Кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Өтініш берушілерге эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының эфирлік және редакциялық саясатын, «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ішкі нормативтік құжаттарын ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі
№ Телеарна атауы Орналастыру түрі Жариялау тілі ҚҚС-пен 1 минут құны, теңге
1 "ALTAI" телеарнасы Бейнематериалдар қазақ, орыс 55000 теңге
2 "ALTAI" телеарнасы Бейнелер қазақ, орыс 9600 теңге
*30 секундтан асатын материалдарды тарифтеу секундына жүзеге асырылады
*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған
Орналастыру құны Телеарнаның барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (цифрлық эфирлік, спутниктік, сондай-ақ, кабелдік операторлар көмегімен және Ғаламтор желісінде онлайн хабар тарату) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.
Жасалған шарт бойынша Телеарнада Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жазбаша өтініштерді 2024 жылдың «11» қарашасынан 2024 жылдың «02» желтоқсанына дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:30 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:
«ALTAI» телеарнасында орналастыру үшін Өскемен қ., Стаханов көш., 70.
Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.
"Қазақстан "РТРК"АҚ ШҚОФ