Өңірде халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған шарлар легі ауқымды. Әсіресе тұрғын үй салу ерекше басымдыққа ие. Жыл санап азаматтар арасында заманауи баспана алуға ниеттілердің қатары артуда. Мәселен, жақында Өскеменде бизнес-класс санатындағы «Достар» тұрғын үй кешені бой көтерген еді. Ерекше үлгіде салынған баспананың қолданысқа берілуіне «Нұрбанк» банкі үлес қосқан болатын.
Қазіргі таңда облыс орталығында «Достар» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Достар» кешені аумағында кафе, мейрамханалар, дүкендер, сұлулық салондары мен фитнес орталықтары бар. Бизнес-класстағы жылжымайтын мүлік қызықты дизайнмен ерекшеленеді. Тұрғын үй кешенінің директоры Бауыржан Кудияровтың айтуынша, баспана салуды жүзеге асыруға «Нұрбанк» көмек көрсеткен.
«Нұрбанктің» 30 жылдан астам тарихы бар. Банк осы жылдар бойы елге қызмет етіп, өзін сенімді серікес ретінде танытты. Биыл ол өңірдегі біршама жобаларға тыныс берді.
«Нұрбанк» - елегі жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан қаржы институттарының бірі. Әрі бұл банк түрлі салаға айтарлықтай өзгеріс алып келді.