Өскеменде өрт сөндіру көлігі жүргізушілері арасында облыстық сайыс өтті. Дәстүрлі додаға Өскемен, Риддер, Алтай, Шемонаиха, Ұлан және Глубокое аудандарының ТЖБ мамандары қатысты.Жиыны 13 маман арнайы жабдықталған жолда кәсіби шеберліктерін ортаға салды..

Тілсіз жаумен күресте оқиға орнына дер кезінде жету қажет. Мұндай уақытта әрбір секунд маңызды. Өрт сөндірушілердің діттеген жерге жылдам жеткізуі арнайы техниканы тізгіндеп отырған жүргізушілерге байланысты. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында Өскеменде дәстүрлі сайыс өтті. Доданың мақсаты.....

Өрт сөндіру көліктері күнделікті қызметке сақадай сай тұруы тиіс. Арнайы техниканы тізгіндеген жүргізушілерге арналған сайыс бірнеше кезеңді қамтиды.

Сайыс қорытындысы бойынша Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Олжас Бағзатов "Үздік жүргізуші " атанды. №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері кедергі жолағын еңсеруде бірінші болса, ал «Мамандандырылған арнайы жасақ» екінші орынды иеленді. №5 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері үшінші орынды місе тұтты.