Өңір студенттері есірткінің таралуы мен қолданылуына қарсы күресте күштерін біріктірді. Аймақ жастары «Студенттер есірткіге қарсы» атты челенджін өткізді. Бұл шараға өңірдің 200 ден астам студенттері қатысты. Игі шара жөнінде келесі бейнематериалда.
«Студенттер есірткіге қарсы» акциясын аймақтағы тәрітіп сақшылары жоғарғы оқу орынының студенттерімен бірге ұйымдастырған. Акция аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері «ЕСІРТКІ ТОҚТА!» ұранымен челлендж бастап, қазіргі қоғам дертіне айналған басты мәселелердің біріне наразылық білдіру мақсатында сапқа тұрды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері эстафетаны С.Аманжолов атындағы университет студенттеріне жолдады. Өз кезегінде ШҚУ жастары бастамаға қолдау білдіріп, флешмоб ұйымдастырды. Сол арқылы жас өрендер өздерінің белсенді ұстанымдарын жеткізді.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 130 келіден астам есірткі және психотропты заттарды тәркілеген. Ал шара аясында құқық қорғау органдарының өкілдері жастармен әңгімелесіп, зиянды зат жайында мәліметтер жазылған кітапшалар мен естелік сыйлықтар таратты.
Жастар жағы осындай челендждер арқылы қатарластарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.Ал өңір студенттермен тілдескен тәртіп сақшылары мәселенің күрделілігіне баса назар аударып, бұл жағдайға бей-жай қарамауға шақырды.