Самар ауданы қарқынды дамы келеді. Қай саланы алсаңызда өрлеу бар. Әсіресе, өнеркәсіп саласының қарқыны жоғары. Өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96 пайызға артқан.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев мәлімдеді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қарқынды. Биыл бекітілген бюджет көлемі 2 млрд. теңгеге жуық. Ал, келер жылы бюджет көлемі 2 млрд 400 млн. теңгеге жуық болмақ.
Білім беру саласында іске асырылып жатқан бастамалар да ауқымды. Ауданда 19 білім беру мекемесі бар. Онда 1 681 оқушы білім алады.
Тұрғын үй құрылысы саласында да ауқымды жұмыстар жүзеге асырылған. Жыл басынан бері әлеуметтік осал топ санатындағылар мен көп балалы отбасылар баспанамен қамтылған. Бастаманы іске асыру үшін 38 пәтер сатып алынған. Жобаның жалпы құны-730 млн. теңгеден астам.