Тәуелсіздік күні қарсаңында Шығыс Қазақстан өнер музейі көрермен қауымға тың форматтағы, мазмұны терең ерекше жобаны ұсынды. Мәдениет ордасында бейнелеу өнерінің тарихындағы жаңа белесті айқындайтын жасанды интелліктінің көмегімен жасалған ауқымды көрме ашылды.
«Бостандық жолы - жасанды зерде көзқарасымен» атты экспозицияда музей қорындағы классикалық туындылар мен қатар ЖИ жасаған картиналар бір залда тоғысты. Өздеріңіз байқап тұрғандай мұнда Тәуелсіздік, 16 желтоқсанға қатысты, Алаш зиялылыры, Қазақ хандығынан бастап 10 жуық картина қойылған. Ерекшелігі мына QR кодты сканерлеу арқылы осы туынды жайлы ақпаратты білуге болдаы.
Шараның мақсаты ұлттық сананың қалыптасу жолын, халқымыздың бостандыққа ұмтылған тарихи күресін және тәуелсіз ел ретінде алға қойған биік мұраттарын өнер тілі арқылы паш ету. Ұйымдастырушылар уақыт пен дәуір айырмашылығына қарамастан, ұлттық рухтың үзілмейтін жібін көрсетуге ұмтылған.
Есенбол Нақтыбайұлы, Шығыс Қазақстан өнер музейі директорының орынбасары:
Бұған дейінгі көрмелер адам қолымен, қылқалам шеберлерінің, адамның ішкі жан-дүниесімен жасалған дүниелер болса, бұл көрменің ерекшелігі Президентіміз Жолдауында айтқандай ЖИ арқылы жасалып отыр.Яғни, ЖИ арқылы да өнерді, шығармашылықты, тарихты, тіпті ұлттық тәрбиені де қолға алуға болатынын бұл көрме дәелдеп беріп отыр. біздің ойымыз тек қана жастарға ЖИ арқылы мәдениетті дамытуға болатынын, жақсылықтарымызға, игіліктерімізге пайдаланып, ақпарат алмасудағы күрделі жағдайға байланысты жылдам ақпарат алу, жылдам ақпарат жеткізу үшін ЖИ көмегі көп екенін жеткізгіміз келді.
Көрме идеясының авторы Шығыс Қазақстан өнер музейі маркетинг бөлімінің меңгерушісі Нұрболат Ғазизов. Айтуынша, жасанды интеллект көмегімен жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға болады. Сол ойдың нәтижесінде бұл идея музей қабырғасында қолға алынып, басшылық жағынан қолдау тауыпты.
Нұрболат Ғазизов, Шығыс Қазақстан өнер музейінің бөлім меңгерушісі:
Бұл жалпы бұрыннан келе жатқан ой болатын. ЖИ енді дамып келе жатқаннан бері осы идея ойымнан кеткен жоқ болатын. Өзім суретші емеспін, Бірақ осы сурет өнерін жақсы көргеннен соң, қалай жеткізсем деген ой болған әрдайым Жалпы жұмысқа 1 айдан аса уақыт кетті. ЖИ ең бірінші үйреттік. Тақырып таңдалды. 11 туынды жасалды. ең бірінші ойымыз сол болды, ешқай жерде кездеспейтін картиналар жасау керек болды.
Бір туындыны қалыптастыру үшін 20–30 рет қайта өңдеуге тура келген. Мәселен, Қайрат Рысқұлбеков пен Сәбира Мұхамеджановаға арналған композиция бір ай бойы ізденіспен дайындалған. Мақсат-барынша шынайы, бірден тарихи оқиғаны еске түсіретін әсер беру. Көрермен еркіндік жолындағы күрестің мәні мен маңызын сезініп, өткенге тағзым жасап, тарихи жадымыздың көркем бейнесін көз алдына елестете алды.
Әлихан Советханов, көрмеге келуші:
мен бұл жерге келегеннен бастап көп әсер алдым. Мұнда жасанды және өз қолымен салған суреттер де өте көп. Бірақ көбінесе маған ұнағаны жасанды интеллект. Қазіргі заманда алдыға шығып барады. ЖИ көмегімен бір күннің ішінде көптеген нәрсе үйреніп, істеуімізге болады.
Көрме 6-қаңтарға дейін жалғасады. Идея авторлары алдағы уақытта да жасанды интеллектіні жеке «суретші» ретінде емес, жаңа идеяларды жеткізудің қосымша құралы ретінде пайдаланбақ. Болашақта махаббат символына айналған «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» тақырыбына арналған композиция жасауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, дайын туындыларды мультфильм мен анимация форматында бейнематериалға айналдыру идеясы да қолға алынбақ.
Қымбат Иманғали