Қорқыт

Биографиялық телехикая сюжетінде Қорқыттың дүниеге келуі, балалық шағы, жеткіншек кезінен сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолы көрсетіледі. Телехикая сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына, атап айтқанда «Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр» желісі негізінде түсірілген.Түсірілім Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында өтті. 4 бөлімнен тұратын туындының тарихи кеңесшісі әрі сценарий авторы – этнограф Берік Жүсіп. Режиссері – Қанағат Мұстафин. Редакторы - Болат Жетекбай. Продюсері – Шолпан Батырбаева. Қорқыттың әр кезеңдегі рөлдерін Дінислам Нұрмағамбет, Әділ Ахметов және Айдос Бектемір сомдайды. Сонымен бірге негізгі тарихи рөлдерде Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Медғат Өмірәлі ойнап шықты. Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актері Аскат Сулаймановтың рөлдері бар.



Соңғы бейнелер

Ештеңе табылмады...
Тағы да