Құдаша қыз
Гүлназ – шетелде білім алған студент. Оқуын тәмамдап, елге оралады. Жігіті Диас екеуі жазда үйлену тойын өткізуді жоспарлап қойған еді. Алайда күтпеген жерден Диастың опасыздығын көріп, оған ашуланып, ауылда тұратын әпкесінің үйіне кетіп қалады. Ернат – ауылда мал дәрігері. Оқуды қызыл дипломға бітірген білімді жігіт. Ол Гүлназбен тез тіл табысып кетеді. Құда бала мен құдаша қыздың арасында басталған қарым-қатынас уақыт өте келе нәзік сезімге ұласады. Отбасылық комедияда Самалдың (Гүлназдың әпкесі) адуынды қайын әпкесі Бекзаттың, Ернатқа тұрмысқа шыққысы келетін ауылдағы дәрігер қыз Балнұрдың, құдаша қыздан дәмесі бар ауылдың сері жігіті Дәулеттің де қызықты хикаялары қатар өрбіп отырады. Рөлдерде: Ақнұр Рахат, Қуаныш Құдайберген, Досжан Жанботаев, Гүлжамал Қазақбаева, Бекзат Жүнісов, Әйгерім Уалжанова, Нышанбек Жұбанаев, Диас Мырзахмет, Динара Сунақ, Сафуан Шаймерденов, Жұлдызай Дүйсенбиева және т.б.
Соңғы бейнелер
Ештеңе табылмады...
Тағы да