«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - дейді дана халқымыз. Мамандандырылған мектеп лицейде көптілді білім беру жоспарымен кешенді түрде жұмыс атқарылуда. Аталған орыс тілді мектепте қазақ тілінің мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қалыптастырып, білім беру саласына өзіндік үлестерін қосуда
Оқушыларына білім нәрін беріп, оған өмірлік бағыт сілтеуші тұлға – ұстаз. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та,бар қалан»- деп, Абай Құнанбайұлы айтқандай әр оқушыға білім беріп қана қоймай оған өмірлік бағыт сілтеп жүрген жандардың бірі-Толқын Жанахметова. Ол өзінің 21 жыл еңбек жолын ұстаздық қызметке арнаған үздік педагог.
Бала тәрбиесі үлкен өнер,ал ұстаздың мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оқушы Калер Никитаның айтуынша, ұстазының табандылығы оның білімге деген құштарлығын арттырып келеді.
Қоғамның қандай дәрежеде болуы ұстаздың қалай еңбектенетініне байланысты. Педагогикалық мәдениет ең алдымен мұғалімнің өз мамандығын жетік меңгеруімен байланысты.
Өзге ұлт оқушыларына қазақ тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қалыптастыру, тілдік шектеуді сезінбей, еркін ұстауына мүмкіндік жасауды көздейді дейді, педагогтар.