Негізгі Жаңалықтар Педагогтерге қолайлы жағдай жасалады

Педагогтерге қолайлы жағдай жасалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында педагогтерді қолдау мәселесіне айрықша назар аударды. Президент ұстаздардың басты міндеті – балаларға сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу екенін атап өтті. Осы мақсатқа кедергі келтіретін артық міндеттерден арылып, мұғалімдердің негізгі жұмысына басымдық беру қажеттігін жеткізді. Бұл ретте әкімшілік және қағазбастылық жүктемені азайту, педагогтердің кәсіби құқықтарын қорғау және олардың алаңсыз еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау көзделген.

Жолдауда ұстаздардың кәсіби абыройы мен құқықтарын қорғау мәселесі де кеңінен қозғалды. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді дамытуға басымдық берілді. Бүгінде елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала бар. Олардың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау үшін қолжетімді орта қалыптастыру, арнайы мамандар тапшылығын шешу және балалардың қажеттіліктерін ерте анықтау маңызды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар білім беру саласындағы өзекті міндеттердің бірі болып қала бермек.

Педагог ретінде маған ең алдымен ауыл мектептерінде заманауи кабинеттермен жабдықтау, білім сапасындағы теңсіздікті азайту және жасанды интеллект, цифрлық шешімдер сынды бастамалар ерекше әсер етті. Себебі мен ауылда жұмыс істеймін. Балалардың көпшілігінің қызығушылықтарын күнде сабағымда көріп отырамын. 

Президент Жолдауында педагогтердің құқықтарын қорғау, цифрлық және қағазбастылық жүктемені азайту, сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Мұның барлығы – қазіргі мектеп үшін өте маңызды бастамалар.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде маған Президент Жолдауындағы спорт инфрақұрылымын дамыту, өңірлерде спорт нысандарын көбейту және адами капиталды дамыту мәселесі қызықтырды. Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың спортпен айналысуына көп көңіл бөлініп, мәселесі қызықтырды. 

Педагог ретінде Жолдауда адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру және жасанды интеллектіні қоса алғанда, заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше мән берілгені мен үшін маңызды болды. Бүгінде білім беру жүйесі тек білім берумен шектелмеуі керек. Ең бастысы – оқушы алған білімін өмірде қолдана білуі, өздігінен ой қорытып, заман талабына бейімделуі қажет. Сондықтан балаларды болашақтың жаңа талаптарына сай даярлау – білім саласының маңызды міндеті. Сонымен қатар мұғалімнің кәсіби қадір-қасиетін қорғау мен әкімшілік жүктемені азайту мәселелерінің де назарға алынуы маңызды.


Бөлісу