Негізгі Жаңалықтар Медицина қызметкерлерінің жалақысы артады

Медицина қызметкерлерінің жалақысы артады

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек – денсаулық сақтау жүйесінің негізгі тірегі. Тұрғындармен алғаш жүздесіп, аурудың алдын алуға және халықтың саулығын қадағалауға жауапты мамандар – учаскелік дәрігерлер мен медбикелер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында алғашқы медициналық көмек саласында еңбек ететін мамандарды қолдаудың жаңа бағыттарын айқындады. Бұл бастамалар медицина қызметкерлеріне не береді? Сала мамандарының пікірі тілші материалында.

Мемлекет басшысы алғашқы медициналық көмек саласында еңбек ететін учаскелік мамандардың еңбекақысын арттыруды тапсырды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысына еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін көтерілмек. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтымақ. Бұдан бөлек, жалпы тәжірбиелі дәрігерлерінің өкілеттік аясы кеңейіп, бастапқы медициналық көмекке бөлінетін қаржы көлемі кезең-кезеңімен артпақ.

Денсаулық сақтау саласының дамуы ең алдымен халыққа қалтқысыз қызмет ететін медицина мамандарының жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан дәрігер еңбегін бағалау, абыройын асқақтату және кәсіби тұрғыда өсуіне мүмкіндік жасау – саланың алдағы дамуындағы басты басымдықтардың бірі. Алғашқы медициналық көмектің сапасы да, ел саулығының кепілі де білікті маманға байланысты.

Нұртас Қайролдаев


Бөлісу