Күршімнің көркем өнері
Облыс орталығында Күршім ауданының мәдени күндері өтті. Екі күнге ұласқан тағылымды шара аясында өңірдің бай тарихы мен төл мәдениеті, ұлттық өнері кеңінен насихатталды. Мерекелік бағдарламаның шырайын келтірген гала-концертте аудан өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шара келушілерді қолөнер туындылары мен ауданның тарихынан сыр шертетін көрмемен қарсы алды. Онда ауданның көркем табиғаты мен ата дәстүрі, балық шауашылығы үйлесім тапқан. Көрмедегі ерекше экспонаттардың бірі – Күршімнің төрт мезгілін суреттеген диорама. Салмағы 20 келіден асатын көлемді туындыны төрт ұстаз бірлесіп жасап, ауданның табиғи келбеті мен ерекшелігін шағын композицияға сыйдырған. Бұл туынды келушілердің ерекше қызығушылығын оятқаны сөзсіз.
Ерболат Кәрімбаев, ұстаз:
Төрт адам осыны істеп шығардық. Бұл негізі Күршімнің төрт мезгілін суреттейді. Көктем, жаз, күз және қыс мезгілін бейнелейді. Одан кейін, маралды тауы және аңдарды суреттейді. Шекелмес тауы мен Қиын керіш бар. Бұл туристтер көп келетін мекендер. Шет елден азаматтар келеді. Содан кейін ертісіміз және Ертістегі ең ұзын көпір қазақстан бойынша. Соны бейнеледік және паромдар.
Эльмира Томағанова, кәсіпкер:
Менің айналысатын жұмысым ол, ұлттық нақышта күнделікті киетін әйел адамдарға арналған киімдер. Оның ішінде сырт киімдер кимано, шапан және көйлекше секілді киімдерді дайындаймын. Содан кейін аксессуарлар бар твилли, түйреуіштер ағаштан жасалатын.
«Ел іші – өнер кеніші» демекші, мерекелік концертке Күршім ауданынан 150-ге жуық өнерпаз қатысты. Сахна төрінде ауданның береке-бірлігі, салт-дәстүрі ән мен жырға арқау болып, көрерменге ерекше өнер кеші ұсынылды.
Мейіржан Әлібеков, Күршім ауданының әкімі:
Мен ойлаймын барлығы осы шығыс жұртшылығына өзінің бір жақсы жағынан үлкен көңіл күй сыйлайды деп. Сондықтан бұл жобада өткен жылы Күршім ауданы бас жұлдені алған болатын. Биыл да биік деңгейден көріну ойымызда бар. Мәселе орында емес, бұл жобаның үлкен саясаты бар, ауданның ұлкен береке бірлігін көрсетеді. Сондықтан бұл жобаны ұйымдастырып отырған, облыс басшылығына, мәдениет басқармасына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Кештің көркін қыздырған арнайы қонақ – эстрада жұлдызы Анара Батырхан. Өнер иесі Күршімді ата-бабасының кіндік қаны тамған, өзі үшін орны бөлек туған жері санайтынын айтып, жерлестеріне қолдау көрсетуге арнайы келгенін жеткізді.
Анара Батырхан, әнші:
Күршім мен үшін жай ғана жер емес. Әкемнің туған жері, менің тамырым ата-бабамның мекені. Осындай кеште өнер көрсету мен үшін үлкен қуаныш, мәртебе, бақыт.
Гала-концертке жиналған Күршімнің тумалары өнер кешінің жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Ал өзге өңірлерден келген студенттер үшін мұндай мәдени шаралардың орны тіптен бөлек.
Күршімнің өнері мен мәдениетін ұлықтаған мерекелік кеш туған жерге деген сағынышты ұлықтап, ел бірлігін тағы бір мәрте айшықтады. Өнер арқылы өрілген осындай тағылымды кездесулер өңірлер арасындағы рухани байланысты нығайта түспек.