Негізгі Жаңалықтар Күршім ауданының жәрмеңкесі

Күршім ауданының жәрмеңкесі

Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жолы Күршім ауданының тауар өндірушілері қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелерінен ет, балық, бал және өзге де азық-түлік түрлерін табуға болады. Жергілікті өнімдер нарықтағы бағадан төмен сатылып, тұрғындарға тиімді сауда жасауға мүмкіндік берді.

Жәрмеңкеге келушілердің қарасы қалың. Сауда алаңына жиналған тұрғындар жергілікті өндірушілер ұсынған азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алды. Сауда сөрелерінде табиғи әрі сапалы тауарлардың түр-түрі ұсынылды. Келушілер отандық өнімдердің қолжетімді бағасы мен сапасына көңілдері толатынын жеткізді.

Жәрмеңкеге Күршім ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысты. Сауда сөрелерінен ет, балық, бал, шұжық және жылыжай өнімдерін табуға болады.

Фарида Серікова, кәсіпкер:

Мен міне өзімнің дайындалған фаршымды, филе судака, тазаланған сазандар, шортан әкелдім. Копченный балықтарымды алып келдім Күршімнің бренді дейді ғой.  

Жәрмеңкеге бірнеше тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Сауда сөрелеріне ет пен балық өнімдері молынан қойылған. Бұдан бөлек, бал, жылыжайда өсірілген көкөністер мен шұжық түрлері де саудаға шығарылды.

Ришат Ысқақов, Күршім ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Жәрмеңкеге 7,5 тонна ет өнімі, 4 тонна балық өнімі және 800 келі бал әкелінді. Сонымен қатар, 200 келі шұжық өнімі жеткізілді. Жылыжай өнімдерінің көлемі бір тоннаға жуық жеткізілді. 

Мұндай жәрмеңкелер жергілікті өндірушілерді қолдауға және тұрғындарға сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.

Фатима Тілейханқызы


Бөлісу