Негізгі Жаңалықтар Шалғай ауылдарға серпінді қолдау

Шалғай ауылдарға серпінді қолдау

Күршім ауданында мемлекеттік гранттар мен кәсіпкерлік бастамалардың арқасында ауыл тұрғындарының табыс көзін арттыруға мүмкіндік молайып келеді. Бұл бағытта Маралды ауылдық округінде де бірқатар жоба жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, «ВСАМ Продакшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жергілікті тұрғындарға мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Меморандум аясында аталған мақсаттарға 180 миллион теңге қарастырылған.

Бауыржан Сейілханов, Маралды ауылдық округінің әкімі:

Өзінің жеке шаруашылығын дамытса дегент ойда ол енді үш ауылда да жиналыстар өті халықтың өздерінң таңдауларымен жалғыз мал емес омарта шаруашылғы бар. Бүгінгі таңда міне Маралды ауылында негізінен жаңағы грант бойынша 88 бас ірі қара келіп халық бөліп алды. Одан кейін Маралды да қосымша жылқы аламыз дегендер жаңағы қосымша грант бойынша ол да жылқы шешіледі одан кейін ұсақ мал қазіргі уақытта мал басын неғұрлым көбейту бірінші орында тұр.  

Қаржылай қолдаудың негізгі бағыттары ірі қара, жылқы, қой және ара кәсібін дамыту. Осылайша, ауыл тұрғындары өз табыс көздерін бастап қана қоймай, қолда бар шаруашылығын кеңейтуге де мүмкіндік алып отыр. Бұдан бөлек, серіктестік әлеуметтік жауапкершілік аясында ауыл халқына тегін көмір таратуға да атсалысуда. Бұл, әсіресе, қыс мезгілі қарсаңында тұрғындар үшін маңызды көмек.

Ерлан Қаспақов, ауыл тұрғыны:

ВСАМ продакшн көмегімен осы мұқым ауылға грант беріліп жатыр. Біреуге сиыр, жылқы, қойдай, енді мен өзімнің арызым бойынша екі бас мүйізді ірі қара алдым. Енді өзімде де шарушылықта ірі қаралар бар сомен қосып, шаруашылығымды әрі қарай дамытып, осы ауыл шарушылығын дамытсам деп ойлаймын. 

Айта кетейік, Маралды ауылдық округіне Маралдымен қатар Қыстау Күршім және Үшбұлақ ауылдары қарайды. Демек, қолға алынған бастамалар бірнеше елді мекеннің тұрғындарын қамтып, ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына серпін бермек.

Нұрдәулет Қалибеков


Бөлісу