Шағын кәсіпке үлкен қолдау
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау шаралары Күршім ауданында да жүйелі жүзеге асырылып келеді. Түрлі мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелердің арқасында кәсібін дөңгелетіп отырған тұрғындардың қатары жыл сайын артуда.
Күршімде ауыр өнеркәсіппен қатар орта кәсіпкерлікте қатар дамыған солардың бірі аудандағы шұжық өндіретін кәсіпорын. Мұнда мал етінен бөлек қатар құс етінен де түрле өнімдері өндіріледі. Ендеше кәсіпорнның тыныс тіршілігімен бірге танысып көрейік..
Олар мал шаруашылығымен қатар, құс өсіру, жеңіл өнеркәсіп және азық-түлік өндірісі сияқты бағыттарды да дамытып келеді. Мұның бәрі аудан экономикасының өркендеуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін беруде.
Әсет Зейнелғабиденов, Күршім ауданы мәнсап орталығының директоры:
Биылғы жылдың өзінде 10 гранттық қаржы берілді. Соның ішінде біздің ауданнын кәсіпкерлер тарапынан ұсыныс түскен яғни шағын шұжық өндіруге Шүпенова Раушан деген азаматша яғни шұжық өндіретін цехын ашты.
Мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп отырған кәсіпкерлердің бірі 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алған. Осы қаражатқа шұжық өндіру ісін қолға алып, бүгінде өнімін тек ауданға ғана емес, облыс көлеміне де жеткізіп отыр. Кәсібін кеңейтіп, тұрақты өндіріс жолға қойған кәсіпкер жергілікті нарықты сапалы өніммен қамтуға үлес қосуда. Ол мұнда жартылай дайын өнімнен бастап толықтай тұтынуға қажетті тағам түрлерінде шығарады.
Раушан Шүпенова, кәсіпкер:
Осы Күршім ауданында 2024 жылы тамыз айнда мемлекет тарапынан 400 аек грант қайтарымсыз ақша алып, осы өндірісті ашып жатырмыз. кәсіпорынымыз өте жақсы біздің өнімдеріміз өте сұранысқа ие. Бүгінгі таңда 2 адам жұмыс істейді тұрақты және качегарымыз бар.
Осылайша, мемлекеттік қолдау шағын кәсіптің өркендеуіне жол ашып, жергілікті өндірістің дамуына ықпал етуде. Ал кәсіпкерлер үшін бұл кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға берілген мүмкіндік.
Нұрдәулет Қалибеков