Жастар жұмыссыз қалмайды
Жоғары оқу орнын тәмамдаған жас мамандар үшін еңбек жолын бастау оңай емес. Әсіресе, жұмыс берушілердің тәжірибе талап етуі түлектерге кедергі келтіреді. Осы ретте «Жастар практикасы» бағдарламасы – жас мамандарға мамандығы бойынша жұмыс істеп, алғашқы кәсіби тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін тиімді жоба.
Бағдарлама аясында қатысушылар мекемелер мен ұйымдарға жіберіліп, алған білімдерін іс жүзінде қолданады. Сонымен қатар ай сайын 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, еңбекақы алады. Күршім ауданында да бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. 2023 жылдан бері 42 жас маман жастар практикасына жолданған. Ал биылдың өзінде отызға жуық түлек бағдарламаға қатысып, еңбек жолындағы алғашқы қадамын жасады. Негізгі мақсат жоғары оқу орнын бітірген жастарды өз мамандығына сай жұмыс орындарына бағыттап, кәсіби ортаға бейімдеу.
Әсет Зейнелғабденов, Күршім ауданы мәнсап орталығының директоры:
Жалпы аудан бойынша 2023 жылдан бастап 42 жас жастар ісі тәрбиешілігіне жолданды. Жастар пратикасы жалақысы 30 АЕК яғни 129 мың теңге. Бүгінгі мақсатымыз жоғарғы оқу орынынын аяқтағаннан кейін, мамандықтары бойынша жастар ісі тәжірибесіне жіберу. Яғни біз биылғы жылдың өзінде 30 жасты жастар пратикасына жолдадық.
Осындай жастардың бірі – Заңғара. Ол жоғары оқу орнын тәмамдаған соң туған жеріне оралып, мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды мақсат еткен. Осы ретте аудандық Мансап орталығының көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасып, алған білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды. Бүгінде ол өз саласының маманы ретінде еңбек жолын жалғастырып келеді.
Заңғара Жайлаубаева, жас маман:
Төрт жылдық оқуымды аяқтап, тұрақты жұмысқа кіру мақсатында Күршім ауданы мәнсап орталығына көмекке жүгіндім. Яғни қазіргі уақытта мәнсап орталығында жастар ісі тәжірибесінде жастар ісі тәжірибесі маманы болып қызмет атқарамын.
Жастар практикасы жас мамандардың еңбек жолына сенімді қадам басуына ықпал ететін маңызды бағдарламалардың бірі. Жоба арқылы түлектер өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырады. Сонымен қатар ұжыммен жұмыс істеуді үйреніп, кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Ең бастысы, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап, жұмыс берушілердің сеніміне ие болуға мүмкіндік алады. Бағдарлама мерзімі аяқталғаннан кейін де тұрақты қызметке орналасуға жол ашылады. Осылайша, жастардың жұмыспен қамтылуына қолдау көрсетіліп, ауданның кадрлық әлеуетін арттыруға да үлес қосылады.
Нұрдәулет Қалибеков