Негізгі Жаңалықтар Су ресурстарын тиімді пайдалану маңызды

Су ресурстарын тиімді пайдалану маңызды

Су ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығын жаңғырту. Президент Жолдауында көтерілген бұл міндеттер – ел экономикасы үшін маңызды бағыттардың бірі. Өскемен тұрғындарының пікірінше, су тапшылығының алдын алу үшін өндіріс пен егін шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану қажет. Толығырақ Нұртас Қайролдаевтың бейнематериалында.

Су тапшылығы – әлемдік мәселе. Қазақстанда да су ресурстарына түсетін салмақ артып келеді. 2025 жылы егін алқаптарын суаруға 11,1 миллиард текше метр су пайдаланылған. Ал су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптардың көлемі 543,5 мың гектарға жетті. Министрліктің мәліметінше, осы жүйелердің көмегімен жылына шамамен 874 миллион текше метр су үнемделген. Тұрғындар бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет деп санайды.

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуда да заманауи технологиялардың маңызы зор. Дрондар мен цифрлық бақылау жүйелерін пайдалану, өнімді терең өңдеп, дайын тауар шығару – саланың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар. Бұл ретте су ресурстарын үнемді пайдалану да аграрлық өндірістің тұрақты дамуына ықпал етеді.

Нұртас Қайролдаев

Бөлісу