Жас каратешілер жүлдемен оралды
Өскемендік жас каратешілер халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді. Өзбекстанда өткен балалар арасындағы әлемдік турнирге облыс орталығынан 8 спортшы қатысып, оның алтауы жүлдегер атанған. Жеңімпаздарды әуежайдан ата-аналары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.
Жеңіспен оралған өрендерді жақындары әуежайда құшақ жая қарсы алды. Қуаныштан көздеріне жас алған ата-аналар балаларының әр белдесуін алаңдай отырып бақылаған. Ташкент төрінде өткен тартысты сайыста өскемендік спортшылар қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетіп, шеберліктерін дәлелдеді. Солардың бірі Тимофей Надейкин. Жас спортшы үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе әрі есте қаларлық белес болды.
Тимофей Надейкин, жүлдегер:
Жарысқа қатысқанымда, бірінші жекпе-жегім жеңіл болды. Екінші жекпе-жекте де айқастым. Ол да жеңіл өтті, бірақ сәл-пәл күрделірек болды. Ал үшінші жекпе-жек өте қиын болды. Шынымен де өте қиын болды.
Бүгінгі жеңіс жас спортшылар үшін үлкен спортқа бастар жолдағы маңызды қадам. Үйткені кішкентай саңлақтардың алар асулары мен бағыныдырар биігі әлі алда дейді бапкерлер.
Илья Яковлев, жаттықтырушы:
Бұл Ташкент қаласында өткен халықаралық әлемдік фестиваль болатын. Және біздің жас спортшыларымыз өте жақсы өнер көрсетті. Біздікілер 1, 2, 3-ші орындарды иеленді. Үлкен тәжірибе жинақтап, үлкен олжамен үйлеріне оралды. 800 қатысушы болды, бұл - өте үлкен турнир. Ол 3 күн бойы өтті. Өте қарбалас әрі ауыр болды. Ауыр жекпе-жектер, қиын айқастар, біз таңнан кешке дейін залда болдық.
Балаларының жетістігіне ортақтасқан ата-аналар үшін бұл күннің орны бөлек. Өйткені әр жеңістің артында тынымсыз дайындық, бапкер еңбегі мен отбасының қолдауы тұр. Жас спортшылардың халықаралық аренада топ жаруы олардың алдағы жарыстарға деген жігерін де арттыра түсті.
Әшім Сәрсеков, қала тұрғыны:
Барлық балаларымыз Қазақстанның намысын, абыройын қорғап, жақсы төбелесті. Біздің туымызды басқа мемлекетке барып, көтеріп, туымызды, Қазақстан туымызды көтеріп, өте қуанышты болдық.
Ташкент төрінде топ жарған Өскемендік өрендердің бұл жетістігі ел спорты тарихына қосылған тағы бір сүбелі үлес. Жүлдемен оралған каратэшілер енді аздаған тынығудан кейін жаттығуға қайта кіріседі. Алда республикалық және халықаралық жарыстар күтіп тұр. Бүгінгі жеңіс жас спортшылар үшін үлкен спортқа бастар жолдағы маңызды қадам.
Ариана Нұрлыбекқызы