Кәсіптік білім беру
Жыл басынан бері қалалық Мансап орталығының қолдауымен өңірде 167 азамат түрлі мамандықтар бойынша білім алып, қазіргі уақыттта қызмет етіп жүр. Еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, азаматтарды аспаз және кондитер мамандықтарына оқытуға басымдық берілген. Қазір түрлі оқу орталығында тұрғындар тегін кәсіп меңгеруде. 1 қарашадағы мәлімет бойынша, аспаз мамандығына 23 адам, ал кондитерлікке 27 адам қабылданған. Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыз азаматтарды сұранысқа ие кәсіптерге баулып, тұрақты жұмыспен қамту.
Елде жұмыссыздықты азайту және халықты тұрақты табыспен қамту - мемлекет саясатының басты басымдылығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында әсіресе жастарды, оның ішінде NEET санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуды күшейтуді қатаң тапсырған болатын. Бүгінде кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту, қысқа мерзімді курстар мен жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы мыңдаған азамат нақты кәсіп игеріп, нарықтан өз орнын тауып жатыр.
Эльмира Берікболова, Өскемен қ. Мансап орталығының бөлім маманы:
Кондитер, повар көбінде сол мамандықтарды сұрайды. И және маркетологтың мамандықтарын сұрайды. Жас қыздар, ұлдар келіп, көбінесе соны сұрайды.
Оқу барысында теориялық біліммен қатар, тәжірибеге де басымдық беріледі. Өйткені жұмыс берушілер үшін маманның білімімен бірге, кәсіби дағдысы мен тәжірибесі де маңызды. Сондықтан қысқа мерзімді курстарда білім алушылар өндірістік тәжірибеден өтіп, таңдаған кәсібінің қыр-сырын меңгереді.
Вера Бартужис, кәсіпкер:
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үш айға созылады. Бізде дуальды оқыту жүйесі қолданылады. Оның ерекшелігі – оқу уақытының шамамен 60 пайызын өндірістік тәжірибеге арнау. Осылайша білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады.
Жастардың сүйікті ісін тауып, нақты нәтижеге ұмтылуы - еңбек нарығындағы жақсы үрдіс. Кәсіптік оқытуға қатысушылардың бірі – Оксана Антошкина. Ол мамандығын жетік меңгеріп, алдағы уақытта осы салада жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Қазір жас маман өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруде.
Оксана Антошкина, Кәсіптік оқыту курсының қатысушысы:
Маған бұл мамандық ұнайды және болашақта мамандығым бойынша жұмысқа орналасамын. 2 айлық практикамды аяқтаған соң бірден жұмысқа кірісемін.
Мансап орталығы азаматтарды оқытумен ғана шектелмейді. Мамандар курсты аяқтағандардың жұмысқа орналасуын және еңбек жолын жалғастыруын да бақылауда ұстайды. Ол үшін жұмыс берушілермен байланыс орнатылып, мониторинг жүргізіледі. Егер азамат жұмысынан айырылса, оның жағдайы зерделеніп, қайтадан жұмысқа орналасуына қолдау көрсетіледі.
Эльмира Берікболова, Өскемен қ. Мансап орталығының бөлім маманы:
Кондитер, повар көбінде сол мамандықтарды сұрайды. И және маркетологтың мамандықтарын сұрайды. Жас қыздар, ұлдар келіп, көбінесе соны сұрайды. Звондап, мониторинг жасап, барып орындарын барып көреміз. Ол кісі бар ма, жоқ па қарап тексереміз. Және де өзіміздің базамыз бар. База арқылы пенсионные отчислениялары бар ма, жоқ па тексеріп отырамыз. Жоқ болып жатқан кезде біз уже организацияға звондап , ол кісілерден сұраймыз. Не нақты болды, қай уақытта ол адам жұмыстан шықты себебін. И ол кісіні шақыртып, собеседованиядан өткіземіз. Не үшін, не ұнамай қалды? Одан кейін уже оны прилагать етеміз, басқа жақтан жұмыспен қамтамасыз еткенге.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту азаматтарға жаңа мамандық меңгеріп, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді. Теория мен тәжірибені ұштастырған білім беру жүйесі жұмысқа орналасуға жол ашып, тұрғындардың тұрақты табыс табуына ықпал етеді. Ал мамандардың айтуынша, басты нәтиже – азаматтың алған білімін нақты іске асырып, тұрақты жұмыспен қамтылуы.
Ариана Нұрлыбекқызы