Негізгі Жаңалықтар Білім беру саласындағы жасанды интеллект

Білім беру саласындағы жасанды интеллект

Мемлекет басшысы Жолдауында білім беру жүйесін жаңғыртып, оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу міндетін қойды. Соның ішінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану басым бағыттардың бірі. Бүгінде бұл технология мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, сабақ сапасын арттыруға қалай ықпал етіп жатыр? Өңірдегі тәжірибеге тілшіміз шолу жасады.

Жаңа технологиялар мен цифрлық өзгерістер өңір мектептеріне де кеңінен енгізіліп жатыр. Жасанды интеллект сабақ жоспарын құру, оқу материалдарын әзірлеу, тапсырмаларды тексеру сияқты күнделікті жұмыстарды жеңілдетеді. Дегенмен, озық технология ұстаздың тәлім-тәрбиесін алмастыра алмайды. Бұл – ең алдымен мұғалімнің уақытын үнемдеп, әр оқушыға жеке көңіл бөлуіне көмектесетін құрал.

Ясмина Сырымқызы, мектеп оқушысы:

Біз өте көптеген жобаларды қорғаймыз, сол ардунья арқылы. Өте көп нәрсе жасаса болады. Және де ардунья емес, ева 3, ева. 2 дегендей көп леголар бар. Содан неш етүрлі роботтарды құраса болады. Және маған жасанды интеллект өте қызықты.

Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру бүгінгі білім берудің басты талабы. Қазақстанда жасанды интеллектіні мектептерге енгізу жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Республикалық пилоттық жобаға қатысуға 500 мектеп іріктелген. Оның 250-і шағын жинақты ауыл мектебі. Ал елімізде 350 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні оқу үдерісінде қолдану бойынша арнайы оқудан өткен. 

Мұрат Жаланов, STEAM кабинетінің жетекшісі:

Бізде қосымша STEM кабинеті бар, лабораториясы, зертханасы. Бұл зертханада біз әртүрлі жобалар жасаймыз. Мысалы, Arduino Uno микроконтроллермен жұмыс жасалады, шәкәрттерімізді үйретеміз. Бұл жерде промт жазу керек, промт жазу арқылы жасанды интеллектке біз дайын оқушылар, оқушылар дайын кодтарды құрай алады. Осымен өзінің жобаларын жақсы деңгейде жасауға көмекші, себепші.

Заманауи технологияларға оқушылардың да қызығушылығы жоғары. Алған білімін іс жүзінде қолданатын олар бүгінде түрлі роботтар құрастырып, ғылыми жобаларын сәтті қорғап жүр. 

Әнуар Насир, №41 мектеп директорының орынбасары:

Біз EdooX.com деген платформаны жасанды платформасын мектебімізге былтырғы жылдан бері енгізіп жатырмыз. Оны барлық педагогтар, оны барлық оқушылар қолданады. Ондағы ең маңызды нәрселерді айта кететін болсақ, біріншіден ҰБТ-ға дайындық бар. Екіншіден жаңағы БЖБ, ТЖБ-ны сол жерден бірден алып, бірнеше вариантта қолдануына болады және ең маңызды нәрсе осы платформаның тақтасында тұр. Тақтаның ішінде, кез-келген перевод қолданған кезде аватар шығады. Аватар арқылы кері байланыс беріп, оқушы, мұғалім жоқ болса да, сол сәтте есеп шығару практикалық сабақтары болатын болса, өздері жасанды интеллектке сұрақтарды қоя отырып, тапсырманы орындай береді.

2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспар бойынша педагогтердің әкімшілік жүктемесін кезең-кезеңімен азайту көзделген. Атап айтқанда, 2026 жылы бұл көрсеткішті 5 пайызға, 2027 жылы 15 пайызға төмендету жоспарланған. Ал 2029 жылға қарай үнемделетін жұмыс уақыты 30 пайызға жетуі тиіс. Мұндай өзгерістер мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік бермек.

Ариана Нұрлыбекқызы


Бөлісу