Негізгі Жаңалықтар Волейбол турнирі өтті

Волейбол турнирі өтті

Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында волейболдан Тарбағатай лигасы өтті. Биылғы жарысқа ауданның ауылдық округтерінен 13 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Доп додасы тартысты сәттерге толы болды. Қатысушылар жеңіске жету үшін бар күшін салып, көрермендерге қызықты ойын өрнегін көрсетті. Мұндай жарыстар бұқаралық спортты дамытуға және ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Дархан Жөргекбаев, Тарбағатай ауданының әкімі:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамыту бойынша бізге тапсырма берген. Соның аясында осындай лигалар, кеше қазақ күресніен, еркін күресте, н басқа да спорт түрлерінен жарыстар ұымдастырып отырамыз. Аудан тұрғындарының 40 пайыздан астамы бұқаралық спортпен айналысады.

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Соның бірі - бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан Тарбағатай волейбол лигасы.

Аслан Ағажапов, бас төреші:

Өтіп жатқан Тарбағатай лигасына 4-5 жыл болды. Мұнда жыл сайын Тарбағатай ауданының әр ауылынан 1 команададан шығып отырады. Бүгін 13 команда қатысып отыр. Соның ішінде әрқашан жақсы дәреже көрсетіп жүретін Ақмектеп, Қабанбай, Маңырақ деген ауылдардың командалары бар. 

Жарысқа қатысушылар да додаға тыңғылықты дайындықпен келген. Спортшылар қарсыластардың қарымын бағалап, жеңіс жолында бар күштерін салуға ниетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Жетіарал ауылының командасы бірінші орынды иеленді. Тұғылдық спортшылар күміс жүлдегер атанса, үздік үштікті Ақмектеп командасы түйндеді. 

Ербол Әмірхасенов, жаттықтырушы: 

Бұл Тарбағатай лигасы волейболдан, жыл сайын өткізілетін дәстүрлі мереке . Бес жылдың көлемінде жоғары деңгейде өткізілп келеді. Біздің ауылдың спортшылары үшінші жыл қатысып отырмыз. Нәтижеміз жаман емес.

Тарбағатай лигасы спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Дәстүрлі жарыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан спортшыларының жаңа жетістіктерге жетуіне жол ашпақ.

Бекарыс Әмірбек



Бөлісу