Негізгі Жаңалықтар Цифрлық болашаққа бастар жол

Цифрлық болашаққа бастар жол

Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға басымдық беріп, технологиялық тұрғыдан озық мемлекет қалыптастыруға бет алды. Мемлекет басшысының Жолдауында да бұл бағыттағы міндеттерге айрықша мән берілді. Бүгінде жаңа технологиялар білім беру саласына да етене еніп келеді. Алтай ауданындағы ұстаздар да цифрлық жаңашылдықты оқу үдерісіне енгізіп, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ден қойған. Бұл – білім сапасын арттырып, заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.

Бүгінгі білім беру жүйесі заман талабына сай жаңарып келеді. Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар ұстаз еңбегіне тың серпін беріп, оқыту ісіне жаңа мүмкіндіктер ашуда. Мемлекет басшысы да Жолдауында цифрлық экономиканы дамыту мен жасанды интеллектіні кеңінен қолданудың маңызын атап өтті. Осы орайда білім ордаларында жаңа технологияларды меңгертуге, оны күнделікті оқу үдерісінде тиімді пайдалануға басымдық беріліп отыр.

Жанар Тюлембаева, мектеп мұғалімі:

Президентіміздің биылғы жолауы еліміздің дамуына бағытталған маңызды міндеттерді қамтиды. Инфрақұрылмды дамыту, жаңа мектептер мен ауруханалар салу, халқымыздың әл ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар цифрландыру мен ЖИ дамыту, ғылым мен білімді жетілдіру бағыттары туралы да айтылды. Менің оймша бұл міндеттердің жүзеге асуы еліміздің дкамуына, және азаматтардың өмір сапасының жақсаруына ықпал етеді. Ең бастысы барлығымыз ел болашағы үшін бірлікпен еңбек етуіміз керек деп ойлаймын. 

Жаңа технология қанша жерден дамыса да, ұстаздың орнын алмастыра алмайды. Керісінше, оны тиімді пайдалану – білім беру ісін жетілдірудің бір жолы. Сондықтан бүгінгі педагог заман көшінен қалмай, үнемі ізденісте болып, білімін жетілдіруі тиіс. Ал оқушыны озық ойлы, жаңашылдыққа бейім, алған білімін ел игілігіне жарата білетін азамат етіп тәрбиелеу – мектеп алдындағы басты міндеттердің бірі.

Орал Астаубай, мектеп мұғалімі:

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеті туралы жолдауын халыққа жариялады. Бұл жолдауға оң баға беруге болады. Себебі онда еліміздің дамуына, экономикамызды нығайтуға бағытталған маңызды міндеттер көрсетілген. Әсіресе педогоктардың құқықтарын қорғауға. Білім саласын цифрландыруға, жасанды интелектіні қолдануға баса мән берілді және халықтық құрылыс бастамасы маңызы рөл атқарады деп ойлаймын. 


Бөлісу