Жаңа жолайрық пайдалануға берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елде құрылыс саласын дамытуға басымдық беріліп келеді. Осы бағытта аймақта маңызды жобалар қолға алынған. Солардың бірі Өскемендегі жолайрық құрылысы. Бүгін облыс орталығындағы Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жаңа көпір пайдалануға берілді. Республикалық және аймақтық маңызы бар автожолдарды байланыстыратын нысан қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған.
Бүгінде қалада 400 мыңға жуық тұрғын және 133 мыңнан астам тіркелген автокөлік бар. Бірнеше күн бұрын құрылыс барысымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев танысқан болатын. Қазір нысанда жол төсеміне деформациялық жіктер орнату және нөсер кәрізі жүйесін жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Қажетті құрылғылар 8 қарашада жеткізілмек. Сондықтан жаңа жолайрықтың ашылуы жүргізушілер үшін маңызды.
Айбек Орманов, қала тұрғыны:
Міне бүгін өте қуаныштымыз мына Сәтпаев даңғылындағы жолдың ашуылуына. Қазір біріншіден жол кептелісі азайды. Әйтпесе кешкі уақытта шыққан уақытта жарты сағаттап бір сағаттап тұратынбыз кептелісте. Енді алда кептеліс болмайды дим, өте қуаныштымыз. Осылай Қазақстанымыз еліміз өркендей берсін.
Әділет Серіков, қала тұрғыны:
Қаламызда ашылып жатқан көпір жүргізушілерге көп пайдасын тигізіп жатыр. Жұмыстан шыққан уақытта кешкі уақытта көлік кептелісмінің алдын алып жатыр.
Құрылыс жұмыстары кезінде көлік қозғалысы толық тоқтатылмайды. Жүргізушілер уақытша қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Ал жолдың кейбір бөліктерінде жылдамдық сағатына 40 шақырыммен шектелген. Жоба толық іске қосылғанда тәулігіне 193 мыңға жуық көліктің қатынауына мүмкіндік туады.
Нұрдәулет Қалибеков