Негізгі Жаңалықтар Өскеменде республикалық білім додасы басталды

Өскеменде республикалық білім додасы басталды

Өскеменде КСРО халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы «Smart-ұстаз» республикалық инновациялық байқауы мен Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» байқауы басталды. Екі күнге жоспарланған білім додасына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысуда. Қатысушылар тың жобаларын ұсынып, кәсіби тәжірибесі мен авторлық идеяларын ортаға салуда. 

Smart-ұстаз байқауына қатысушыларға өз жобасын қорғауға 5 минут уақыт берілді. Ұсынылған бастамалар жасанды интеллектіні дамыту, академиялық адалдықты нығайту, «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу және ұстаздардың қағазбастылығын азайтуға бағытталған. Ал Талдықорған индустриялық колледжінің өкілі Сымбат Қортықбаева студенттердің болашақ мамандығын дұрыс таңдауына көмектесетін жобасын ұсынды.

Сымбат Қортықбаева, «Smart-ұстаз» байқауының қатысушысы (Жетісу облысы):

Менің жобамның аты кәсіп-AI. Менің жобам 2025 жылы жұмысшы мамандықтар жылы болды, 2026 жыл цифрлық және ЖИ жылы бағыттарын ұштастырып, кәсіп-AI платформасын ойластырып таптым. Яғни бұл білім алушылардың, информатика пәнін өзінің болашақ мамандығымен байланыстыру. Әр-бір білім алушы қазір ойын арқылы білімге қызығады. Сол ойын арқылы әр-бір тақырқа миссия берілген сол миссияны орындап шығу керек болады. 
Заманауи педагок өзгерістерге тез бейімделу керек, кәсіби білімін ұдайы жетілдіру керек, заманның еш-бір өзгерісінен қалыс қаламауы керек және үшінші өзіндік тәжірбиені саралап, зерттеп талдай білуі керек. Сол кезде ғана алға жылжушылық болады. 
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жолдауында мұғалімнің мәртебесіне, мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы сыйластықтың болуына және білім беру ұйымында ЖИ дамуына аса назар аударды. Осыған байланысты біздің облысымызда жұмыстар атқарылып отыр. Бүгінгі өтіп жатқан Smart-Ұстаз және республикалық оқытушылар арасындағы эссе байқауы осының бір дәлелі деп білеміз. 
Ұстаздық қызмет тек шәкіртке білім берумен ғана шектелмей, оның бойына ізгілік пен адалдықты сіңіру дейді ұйымдастырушылар.
Smart-Ұстаз байқауының мақсаты ЖИ оқу процесіне және тәрбие процесінде қалай қолданамыз соны ортаға салмақшымыз. Екі байқаудым мақсаты ұстаз мәртебесін ұлықтау және оның қоғамдағы орны, оның жалпы елімізге тигізетін қандай пайдасы бар соны ұлықтау. 

Ал «Үздік педагогикалық эссе» байқауының қатысушылары ұстаздық ұстанымы мен кәсіби көзқарасын қалам арқылы жеткізеді. Төрт жылдан бері дәстүрге айналған байқауда ұстаздар жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру, ұстаздың қоғамдағы рөлі және жас ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру сынды өзекті тақырыптарды қаузайды.

Шынар Исаханова, «Үздік педагогикалық эссе» байқауының қатысушысы (Алматы облысы): 

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздың кәсіби білігі мен азаматтық ұстанымына тікелей байланысты. Осы ретте республикалық байқаулар тек тәжірибе алмасып қана қоймай, білім беру саласындағы жаңа бастамаларды ортаға салуға мүмкіндік береді.

Әлима Ақылбек, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

Фархат Құрманов, Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжінің директоры: 
Екі күнге жоспарланған қос байқау 30 қазанда қорытындыланады. Салтанатты жабылу рәсімінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, кәсіби шеберлігі мен тың ізденісі бағаланады. Бұл – білім саласындағы озық тәжірибені дәріптеп, жаңашыл ұстаздардың еңбегіне жол ашатын маңызды бастама.

Нұртас Қайролдаев


Бөлісу