Жаңа пәтер берілді
Өскеменде Республика күні қарсаңында қала тұрғындарына 130 пәтердің кілті табысталды. Жаңа кешен «Орда Аймақ» аймақтық тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мұндай игі бастамалар халықтың әл-аухатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған.
Кешеннің ашылу салтанатына тұрғындар, қоғам өкілдері мен құрылыс саласының мамандары жиналды. Айтулы мереке қарсаңында қуанышқа кенелген азаматтардың көңіл -күйі жақсы. Бастысы көптен күткен баспанаға қол жетіп, алаңсыз ел игілі жолында еңбек етулеріне мүмкіндік бар.
Төлеген Берікболов, қала тұрғыны:
Біз де осы жобаға кіріп, осы жерден пәтер алып, бүгін соның салтанатты ашылуына келіп отырмыз отбасымызбен. Барлығы ұнайды. Ұйымдастыру шаралары да , құрылыс компаниясының бізге берген уәдесіне қарай қазан айында барлығы толығымен бітіреміз деген шарт болған. Сол шарт толығымен орындалды. Соған байланысты бүгін барлығымыз соған куәгер болып отырмыз. Барлық тұрғындарды осы мерекелерімен және тұрғын үй пәтерлеріне кіруімен шын жүректен құттықтаймын.
Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Жыл өткен сайын жаңадан бой көтерген кешендер заман талабына сай жарақтандырылуда Салтанатты рәсім барысында құрылыс компаниясының директоры азаматтарды сапалы әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Мақсат Шакиров, құрылыс компаниясының директоры:
Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының маңызды бағыттарының бірі. Халықтың әл аухатын арттыру және азаматтардың сапалы жаңа баспанамен қамтамасыз ету. Осы бағытта қалалық әкімдіктердің қолдауымен өңірімізде құрылыс саласы дамып, қаламыз күннен күнге көркейіп келеді.
Жаңа тұрғын үй кешенінде қауіпсіздік мәселесі ескерілген, азаматтардың жайлы өмір сүруіне қажеттінің барлығы бар. Басты талаптар да назардан тыс қалмаған.
Салтанат Кеңесбекқызы