Негізгі Жаңалықтар Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған футбол турнирі өтті

Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған футбол турнирі өтті

Өскеменде мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған республикалық футбол турнирі өтті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 16 әуесқой команда қатысты. Турнирдің мақсаты - Бердібек Сапарбаевтың есімін ұлықтау, оның өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету және бұқаралық спортты дамыту.

Жарыс қорытындысы бойынша Жетісу облысының Алакөл ауданынан келген «Барыс» командасы турнир жеңімпазы атанды. Аба й облысының «AQSUAT-ASSYLTAS» командасы екінші орынды иеленді. Ал Түркістаннан келген әуесқой команда үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медальдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бірнеше номинация бойынша үздік деп танылғандар жеке марапатталды.

Бақдәулет Әсетұлы, жарысқа қатысушы:

Бүгінгі жарыста үлкен деңгей болды. Өте мықты командалар болды. Бірақ соның ішінен топ жарып, бірінші орын алдық. Үлкен рақмет. Осылай ұйымдастырып еске алу турнирін үлкен деңгейде өткізді.

Ұйымдастырушылар Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған республикалық турнирді дәстүрлі түрде тұрақты жасауға ниетті. Аталған бәсеке жыл сайын спорт сүйер қауымды бір алаңға жинап, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып келе жатыр.

Бекарыс Секен


Бөлісу