Негізгі Жаңалықтар Ел дамуына еңбегі сіңгендер марапатталды

Ел дамуына еңбегі сіңгендер марапатталды

Ұлан ауданында Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Арман Бекбосынов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, бірқатар сала мамандары мен еңбек ардагерлері марапатталды.

Мерекелік шарада ауданның қоғамдық-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Олардың қатарында түрлі сала мамандары, еңбек ардагерлері және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан тұрғындар бар. Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Бекбосынов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының әкімі:

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Ұлан ауданының негізгі салаларында тұрақты өсім байқалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту, инвестиция тарту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау біздің басты міндетіміздің бірі. 

Марапат иелеріне «Еңбек ардагері» төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Бұл – ел игілігі жолындағы еселі еңбектің лайықты бағасы.

Арайлым Аплатонова, Ұлан ауданы Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

Бүгін өзім міне облыс әкімнің марапатына ие болып жатырмын. Өте қуаныштымын. Еңбегімді бағалап жатқан басшылыққа рахметімді айтамын. Жалпы, өнер саласында 24 жыл қызмет атқарып келе жатырмын. Аллаға тәубе. Өте қуаныштымын. 

Республика күні – ел тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн Қазақстанның егемендік жолындағы алғашқы қадамын айшықтап, ұлттық бірлік пен елдік құндылықтарды дәріптейді.

Жұмабек Жәкішов, Бозанбай ауылдық округінің қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Мен үшін республика күні ерекше күн. Үйткені, егемендң ел болып, қазағымыз аңсаған арманы орындалып, тәуелсіз Қазақстан болып отырмыз. Барша елге құтты болсын! Жұртысыз тыныш, еліміз аман болсын! Қазақ елі өсіп, өркендеп дами берсін. Әлемге әйгілі бола берсін! 

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. Ауданның шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Фатима Тілейханқызы


Бөлісу