Негізгі Жаңалықтар 35 түп ағаш егілді

35 түп ағаш егілді

Республика күніне орай өңірде экологиялық акция ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткен шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қаланы көгалдандыру. Игі іске қатысушылар жасыл желектің маңызын насихаттап, таза әрі көрікті орта қалыптастыруға үлес қосты.

Ағаш егу шарасы Есенберлин даңғылында өтті. Акция аясында қала аумағына терек көшеттері отырғызылды. Бұл – шаһардың жасыл желегін молайтып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған нақты қадам.

Айгерім Мұсабаева, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында және мерекеге орай тәуелсіздік жылдарындағы тарихымыз бен ортақ құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «35 жылдыққа – 35 ағаш» игі бастамасы орын алып жатыр. Яғни, бұл – ортақ мақсаттарымыз бен мүдделерімізді паш етіп, қоршаған ортаны қорғауға қосып жатқан үлесіміз. 

Экологиялық акцияның маңызы тек қаланы көгалдандырумен шектелмейді. Мұндай бастамалар қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді. Әсіресе, өскелең ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру – ортақ міндет.

Фархат Кнасилов, ШҚО бойынша Экология департаментінің бөлім басшысы:

Бұл шара қоршаған ортаны қорғауға және аумақты көгалдандыруға бағытталған. Отырғызылған әрбір ағаш – еліміздің болашағына қосылған үлес әрі келер ұрпақ үшін жасалған қамқорлық. 

Республика күніне орай ұйымдастырылған акция қаланы абаттандыруға және жасыл желекті көбейтуге бағытталған игі іске ұласты. 

Фатима Тілейханқызы


Бөлісу