Негізгі Жаңалықтар Тон таңдаудың тиімді мүмкіндігі

Тон таңдаудың тиімді мүмкіндігі

Облыс орталығында Пятигорск қаласынан әкелінген тері бұйымдарының көрмесі өтіп жатыр. Мұнда келушілерге түрлі үлгідегі тондар мен ішіктердің кең таңдауы ұсынылған. Қала тұрғындары сапалы сырт киімдерді тиімді бағамен сатып ала алады.

Көрмеде кез келген талғамға сай түрлі түсті, сан алуан үлгідегі тондар мен ішіктер ұсынылған. Өлшемдерінің кең таңдауы, әрбір келушіге өзіне жарасымды қысқы киім табуға мүмкіндік береді. Ал бұрынғы сырт киімін жаңартқысы келетіндер үшін тиімді ұсыныс бар. Сатып алушылар ескі тонын өткізіп, орнына жаңасын жеңілдікпен ала алады.

Сергей Немцуров, сатушы:

Бізде мутон, құндыз терісінен және астраганнан тігілген тондардың кең таңдауы бар. Сондай-ақ екі жағын да киюге болатын тондар ұсынылған. Бір жағы ішік болса, екінші жағы тон ретінде киіледі. Бұл өте ыңғайлы, әрі тиімді. 

Жоғарыда айтқандай көрменің басты артықышылықтарының бірі Trade-in бағдарламасы. Ескі тонды немесе табиғи теріден жасалған өзге бұйымдарды тозу деңгейіне қарамастан өткізіп, жаңа сырт киімге 100 мың теңге жеңілдік алуға болады. Зейнеткерлер мен қолма-қол ақшамен төлем жасайтындарға да арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Пятигорск тондарын «Валентина» сауда үйінен таба аласыз. Мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 61А, жертөле қабаты, 3- дүкен. Сауда нүктесі күн сайын, демалыссыз, сағат 10:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бекарыс Әмірбек 


Бөлісу