Азаматтық заңнама заман талабына сай жаңартылады
Мемлекет басшысы жолдауда жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажеттігін айтты. Қолданыстағы заңнама өткен ғасырдың 90-жылдарында қалыптасқан экономикалық қатынастарға негізделген. Ал содан бері кәсіпкерлік орта, меншік қатынастары мен технологиялық мүмкіндіктер түбегейлі өзгерді. Сондықтан жаңа құжат бүгінгі қоғамның сұранысына сай әзірленуі тиіс. Жаңа Азаматтық кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын реттейтін негізгі құжат болмақ. Оны әзірлеу кезінде цифрлық экономика, электрондық саудаға қатысты мәселелер ескерілуі қажет. Мамандардың пікірінше, қолданыстағы кодекске жекелеген түзетулер енгізумен шектелмей, заңнаманы тұтастай жаңғырту маңызды.
Гүлмира Байркенова, заң ғылымдарының кандидаты:
Азаматтық кодекс әзірлеу керек деді. Себебі қолданыстағы Азаматтық кодекс ол 2000 жылдардың басындағы қабылған болатын. Ол кодексті қазіргі жағдайға байланысты, қазіргі бағыт-бағдар бойынша әзірлеу керек.