Жолдар жаңарып, қатынас жеңілдеді
Жол сапасы – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Облысыта ауданаралық қатынасты жақсарту, ауылдарға апаратын жолдарды жаңарту және туристік бағыттардың қолжетімділігін арттыру маңызды. Бұл туралы мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да атап өтті. Сондықтан бұл мәселе өзекті. Мәселен, соңғы жеті жылда жол инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды. 4 көпір салынып, асфальт төселмеген күре жолдар жаңа сипатқа енді. Биыл аймақтағы 630 шақырым автомобиль жолын жөндеу жоспарланған.
Облыста жалпы ұзындығы 10,6 мың шақырым жол бар. Оның 1238 республикалық маңызға, 1600 шақырымы облыстық маңызға ие. Осы жолдарды күтіп ұстау мақсатында жауапты сала мамандары жыл сайын жоспарға сай жұмыс істейді. Мәселен, 7 жылда ауыз толтырып айтарлық құрылыс қарқын алды. Мәселен, 2024 жыл «Жол жылы» өңірлік бағдарламасы қабылданды. Осы бастама аясында алыс жақын ауыл жолдарына асфальт төселіп, 6 бірдей аудан халқы асыға күткен ұзындығы 1316 метр болатын Бұқтырма көпірі пайдалануға берілді. 2025 жылы 800 шақырымнан аса автомобиль жолы жөнделді. Осы жылы құрлысы ұзаққа созылған Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен жолы пайдалануға берілді. «Батыс Европа - Батыс Қытай» дәлізінің бір бөлігі – Омбы-Майғапшағай бағытындағы қозғалыс іске қосылды. Бұдан бөлек биыл Өскеменнен Ресей шекарасына дейінгі 121 шақырым жол аяқталуға жақын. Өскемен –Шемонаиха – Ресей шекарасына дейінгі жол – өңір үшін маңызды көлік дәліздерінің бірі. Автожолдың 30 шақырымы былтыр толық жөнделіп, пайдалануға берілген. Ал, биыл қалған 91 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өскемен-Риддер бағытындағы күре жол 11 елді мекенді байланыстырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Мұндағы жұмыстар да биыл бітеді.
Дәулет Маратбеков, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Соңғы 5 жылда 2300 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. соңғы жылдары үлкен үлкен жобалар омбы майқапшағай тас жолын жөндеу жұмыстары аяқталды. ШҚО туристік әлеуеті зор аймақ Рахман қайнарына баратын жол жөнбеліп берілді. Ертіс өзені арқылы биыл жоба шығып биыл жұмыстар басталынып жатыр. бұл 3 жылдың ішінде аяқталатын болады.
Жаңа нысан қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі. Көпірдің ұзындығы 834 метр, ені 40 метрді құрайды. Нысан алты жолақты болады. Жоба аясында қоғамдық көлік пен велосипед қозғалысына арналған арнайы жолақтар қарастырылған. Құрылысқа 100 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталады.
Нигматулла Абдулхаков, «ОблШығысЖол» ЖШС директорының көпір құрылысы жөніндегі орынбасары:
Қазіргі уақытта нысанда құрылыс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Бұл – ауқымды жоба. Сондықтан құрылысты бірден бастап кету мүмкін емес. Ең алдымен қажетті техникаларды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда ауыр техникалар қолданылады. Сонымен қатар құрылысқа қажетті материалдар, арматура мен құбырлар да нысанға тасымалданып жатыр. Қазіргі уақытта екі бұрғылау қондырғысы мен төрт ауыр жүк көтергіш кран жеткізілді. Бұрғылау жұмыстары басталды. Сондай-ақ қуаты 450 киловольт болатын электр станциясын жеткізу жоспарланып отыр. Қажетті техника жеткілікті, білікті мамандар бар. Ұжымның да тәжірибесі мол.
Аймақта ірі инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, Өскемендегі Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы көлік айрығы. Жоба толық іске қосылса, жолайрық арқылы тәулігіне 193 мыңға жуық көлік кептеліссіз қатынайды. Құрылыс жұмыстары 2027 жылы толық аяқталады.
Бұдан бөлек Алтай, Катонқарғай, Үлкен-Нарын аудандары бағытындағы Тереңсай шатқалының екі жағын қосатын Қазақстандағы ең биік көпір ашылды. Өткелдің биіктігі 45 метр, ал ұзындығы 175 метр құрайды. Жаңа жолдың пайдалануға берілуі Бұқтырма су қоймасына, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне және «Рахман қайнарлары» шипажайына баратын жолды да қолайлы ете түсті. Сонымен қатар биыл құрылысы екі жылға созылған Рахман қайнарына апаратын күрделі жол учаскесінің 13 шақырымына асфальт төселді. Сондай-ақ, қала, аудан, ауыл ішілік жодарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдар салынуда. Алдағы уақытта да жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын таппақ. Басты мақсат – сапалы жол салып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін сенімді көлік жүйесін қалыптастыру.
Салтанат Кеңесбекқызы