Халықтың өмір сүру сапасын арттыру
Автомобиль жолдарын жөндеу және денсаулық сақтау жүйесін дамыту – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған маңызды бағыттардың бірі. Бұл тек жаңа инфрақұрылым салу ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды да көздейді. Атап айтқанда, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және дәрігерлерді қолдау мәселелері өзекті. Өңір тұрғындарынан аймақ үшін қандай өзгерістер маңызды екенін сұрап білдік.