Негізгі Жаңалықтар Үлкен Нарын шаруалары өнімдерін ұсынды

Үлкен Нарын шаруалары өнімдерін ұсынды

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында «Алтай» көтерме сауда орталығында Үлкен Нарын ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы ауданның алты ауылдық округінен келген тауар өндірушілер қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынды.

Таңертеңгі бұлтты ауа райына қарамастан, ауданның түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер жәрмеңкеге өз өнімдерін жеткізді. Сауда сөрелеріне ет, бал және сүт өнімдерін қоса алғанда, азық-түліктің сан түрі қойылды.

Марина Бердюгина, кәсіпкер:

Біз негізінен бал, тозаң және прополис өндіреміз. Алайда басты өніміміз – бал. Сенновск өңірінің әртүрлі шөптерінен жиналған балының сапасы жақсы танылып үлгерді. Дәмі де ерекше. Біздің омарталарда негізінен андыз, түйежоңышқа, құлқайыр және ақ акация сияқты балды өсімдіктерден шырын жиналады. Әр бал жинау маусымының өзіне тән ерекшелігі бар. 

Жаслан Қасенов, кәсіпкер:

Бағалары халыққа тиімді баға. Жылқының етінің бағасы 3300 деп бірлген бізде. Кісілер енді келіп жатыр. Таңертең күн суық болған. Енді түске дейін сатып жібереміз деген ойдамыз. 

Қала тұрғындарының айтуынша, жәрмеңке қажетті азық-түлікті тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Мұнда тауар түрі мол, бағасы қолжетімді. Ал өнім сапасы сатып алушылардың көңілінен шығып отыр.

Зарлықан Баймұратов, Қала тұрғыны:

Каждый суббота сайын осындай жәрмеңке өтіп жатқаны өте жақсы. Еттердің нормально бағалары. Қымбат деуге болады. Осындай сауда каждый суббота сайын жүріп тұрса өте жақсы. 

Көгершін Аманғұлова, Қала тұрғыны:

Мына ярмарканы мен құр жібермеймін. Бағасы сондай жақсы. Алуға тұрарлық. Басқа базарларға қарағанда сапасы, бағасы бәрі жеңілдеу. Мен енді үзбей келемін. Міне, бір сһмке тамағымды алып, кетіп барамын. 

Жәрмеңкеге ауданның алты ауылдық округінен шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысты. Саудаға үш тоннадан астам ет өнімі және сүт тауарлары жеткізілді.

Нұртуған Маратұлы, Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары:

Бүгін біздің ауданның жәрмеңкесі өтіп жатыр. Арнайы ауданнан жылқы еті, қой еті, сиыр етін алып келдік. Сүт өнімдері бар, бал, қымыз. Барлық баға қолжетімді. Төмен бағамен қойылған. Бұл жәрмеңке Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған. Келіңіздер, көріңіздер! 

Мұндай жәрмеңкелер жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және сауда-саттықты дамытуға ықпал етеді.

Бекарыс Энгельс



Бөлісу