Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қолдау- табыс көзі

Мемлекеттік қолдау- табыс көзі

Өңірде тарихи Отанына оралған қандастар қатары жыл өткен сайын артып келеді. Олардың көбі, жеке кәсіп ашып, шаруашылықты дамытып, өздерін жұмыспен қамтып отыр. Мәселен, Ұлан ауданына қоныс аударғандардың қатарында мал шаруашылығын жолға қойып, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, табыс тауып отырғандар бар.

Тарғын ауылына көшіп келген Секер Химаның отбасын алғашқы күннен-ақ жергілікті тұрғындар ыстық ықыласпен қарсы алып, барынша қолдау көрсетуге тырысты. Ауыл халқының қонақжайлылығы, табиғаттың көркемдігі жаңа ортаға тез бейімделулеріне септігін тигізді. 

Секер Хима, ауыл тұрғыны: 

3 жылдан бері жақсы болып, балалрымыз үй алып, мал алып, жақсы өмір сүріп жатырмыз балалардың арқасында. Осы күнде біз мал шаруашылығымен айналысып, құрт, май, ірімшік сондай нәрсе қабылдап алып отырмыз. Қолымызда ұлымыз бар келініміз бар. Бір баламыз бар. Барлығымыз бір үйде өмір сүріп отырмыз. Бір баламның қасымда отау үйі бар. 

Бұл отбасы мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін ашты. Мал шаруашылығын қолға алып, сүт өнімдерін өндіріп, соның табысын іске жаратып отыр. Келіні Гүлсаярам Үйісбектің айтуынша, ауылда ерінбеген адамға жұмыс көп. Сондықтан олардың бұл кәсібі отбасылық табысты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңір экономикасының дамуына да өзіндік үлес қосуға септігін тигізеді. 

Гүлсаярам Үйісбек, ауыл тұрғыны: 

Қазір қорамызда 16 ұсақ мал бар. Ірі қара сиырларымыз бар. Грант арқылы алған 3 бас сиырымыз бар. Соларды сауып май құрт өнімдер жасап, соларды сатые, сүт тапсырып, сондай нәрсе істейміз. Малға кебек, үн береміз. Қазір ауылда біз сиыр сүтін сауып, кешкісін апарып өткіземіз. Ақ өнімдерді суббота сайын сатып тұрамыз акуылда.

Тарғын ауылына көшіп келген оларды көршілері де жылы ықыласпен қарсы алды. Бүгінде бірлігі жарасқан көршілердің сыры бір. Мақсаттары ортақ. 

Манас Сәмет, ауыл тұрғыны: 

Көршілеріміз жақсы. Көмектемесіз біз арасында. Бұл кісілер жақсы араласады кісімен. Мықты, әйбәт адамдар. Мал бағады жақсы. Осындай кісілер. Жақсы адамдар. Арасында жоқ жітігін береміз, көмектесеміз. 

Бүгінде Ұлан ауданында мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Осыған орай өндірілетін өнім көлемінің де үлесі артқан. 

Салтанат Кеңесбекқызы


Бөлісу