Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы
Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – халыққа адал қызмет етіп, азаматтардың сенімін ақтау. Ол кез келген мәселені кәсіби тұрғыда шешіп, әр іске жауапкершілікпен қарауы қажет. Әділдік пен ашықтықты басты қағидат. Өйткені мемлекеттік қызметтің сапасы нақты нәтижемен өлшенеді.
Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі – тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың өтініштері мен мәселелеріне дер кезінде назар аудару. Шемонаиха ауданының сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі Данияр Алтынбеков осындай ұстанымды басшылыққа алады. Ол мемлекеттік қызмет саласында үш жылдан бері еңбек етіп келеді. Жоғары оқу орнын үздік көрсеткішпен аяқтаған жас маман GPA нәтижесінің жоғары болуына байланысты конкурссыз мемлекеттік қызметке қабылданған. Қазіргі уақытта облыс орталығында кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өтуде.
Данияр Алтынбеков, Шемонаиха ауданының сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі:
Жалпы өзім Шемониха ауданында жұмыс істеп келе жатқандықтан халықпен етене тығыз араласып, халықтың мәселелерін жіті зеріттеп, қарастырып отырамыз. Өзім қызмет атқарып жатқан сала зерделі, халықпен тығыз болуды талап ететіндіктен күнделікті 24/7 байланыста отырамыз. ТҮКШ, өздеріңіз білесіздер, адамдардың әртүрлі мәселелерін кез келген уақытта шешу үшін халықпен етене араласып отырамыз.
Әділдік, ашықтық пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары. Ал оның тиімділігі құрғақ уәдемен емес, нақты іспен өлшенеді. Азаматтардың сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметші кәсіби білікті, адал әрі қабылдаған шешіміне жауап бере алатын тұлға болуы қажет. Бұл туралы біз салалық ведомство өкілдерімен тілдестік.
Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы:
Осы заман мемлекеттік қызметшісі осы заманға сай болып, Президент айтқандай, биылғы жыл – жасанды интеллект пен цифрландыру жылы деген. Жасанды интеллект қолданып, осы заманға сай болу керекпіз мемлекеттік қызметшілер. Оған қоса өзінің кәсіби деңгейін арттырып отыру керек. Білімін арттырып отыру керек. Өзінің саласындағы заңнамаларды зерделеп соны білуі керек. Ертең сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуі үшін. Адамдардың шағым, өтініштеріне дұрыс жауап беру үшін. Өз қызметін тиісті заңнамаға сай атқаруы үшін.
Мемлекеттік қызметшінің міндеті тек қызметтік тапсырмаларды орындаумен шектелмейді. Ол – азаматтармен тығыз байланыс орнатып, олардың мәселелеріне бейжай қарамай, әрбір қабылданған шешім үшін жауап беру. Себебі мемлекеттік қызметтің абыройы лауазыммен емес, нақты іспен, кәсіби біліктілікпен және адамгершілік қасиеттермен өлшенеді.