Жолдау талаптары өңірде жүзеге аспақ
А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Жолдау және қоғам: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік» тақырыбында облыс әкімінің орынбасары Айдар Садырбаевтың қатысуымен қоғамдық талқылау өтті. Кездесудің мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттерді түсіндіру. Сонымен қатар берілген тапсырманың өңірлік деңгейде жүзеге асырылуын қадағалау.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында орындалуы тиіс нақты міндеттерді атап өтті. Мәселен, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болуы тиіс. Бұл – халықтың әл-ауқатын жақсартуға барынша ықпал етеді.
Айдар Садырбаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
Бұл талап біздің әрбір шешімізімге халықтың тұрмыс-тіршілігіне қарауға міндеттейді. Әлеуметтік салада нақты талаптар бар. Жаңа емхананың дәрігерлері мен жабдыңы дайын, мектептің білімі сапалы болуы қажет. Жас маман өзінің өңіріне тиісті жұмысын табуына, кәсіпкер қандайда бір кедергілерсіз өзінің кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алуы қажет. Еліміздің әл-аухаты үшін сөзсіз заңның үстемдігі мен экономикалық мүмкіндіктері көпшілікке қолжетімді болуы маңызды.
Кездесу барысында жиналғандар «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы аясында жүзеге асып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасына тоқталды. Бұл жобаның мақсат-міндеттері италқыланды.
Жанетта Қалимолдина, проректор:
Оқыған адам кез келген уақытта өзінің ішкі ойын қорғай алады. Ішкі ойды қорғау дегеніміз Конституцияда көрсетілген құқықтардың барлығын өз бойынан іздеу. Бұл дегеніміз Президентіміз бұны бекерден бекер ұсынып тұрған жоқ. Себебі, адал азамат қалыптастыру адал білімнен басталады. Адал білім ол кітаптан басталады.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, ардагерлер, жастар ұйымдарының мүшелері мен студенттер қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысы ұсынған бастамалар аясында елдің одан әрі дамуына бағытталған міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Салтанат Кеңесбекқызы