Негізгі Жаңалықтар Білімді ұрпақ - ел болашағы

Білімді ұрпақ - ел болашағы

Ел Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында – «Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек. Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет» деп атап өтті. Өйткені ел болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақтың қолында. Ал оны қалыптастыруда ұстаздың орны ерекше. 

Жолдаудағы бұл бастамаларды ұстаздар қауымы маңызды қадам ретінде бағалайды. Олардың пікірінше, мұғалімнің міндеті тек оқушыға білім берумен шектелмейді. Ол жас ұрпаққа тәрбие беріп, қабілетін ашып, шығармашылық ізденіске бағыттауы тиіс. Сондықтан педагог еңбегін бағалау және оның қоғамдағы беделін арттыру маңызды. 

Раушан Байсаринова, орыс тілі пәнінің мұғалімі:

Біздің меткептердегі барлық техникалық базаны жақсарту, оқушыларға сапалы білім беру соған қайта оралғанымыз үшін біз өте қуаныштымыз. Мұғалім мәртебесінің өзінде де солай айтылған ғой. Мұғалім тек маман иесі ғана емес қой, ол тәрбие беруі керек. Білім беріп шығармашылық жеке ізденіске жетелеу керек қой, сондықтан осы жолдаудың керемет тарихи маңызы бар деп ойлаймын. Мұғалімнің еңбегін бағалау, мұғалімнің құқығын қорғау, және де сол заң бойынша мұғалімнің қоғамдағы өзінің беделін арттыру сол маңызды болып тұр ғой бізге. 

Сонымен қатар, мұғалімнің сапалы жұмыс істеуі үшін оған қолайлы жағдай жасалуы қажет. Бұл ретте білім беру жүйесін цифрландыру, құжат айналымын электронды форматқа көшіру педагогтердің жұмыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, үнемделген уақыт оқушылармен жұмыс істеуге бағытталуы тиіс.

Амантай Таңжарықұлы, тарих пәнінің мұғалімі: 

Мұғалімнің басты міндеті айқындалып көрсетіледі. Мұғалімнің басты міндеті сапалы білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу, оқушылардың қабілетін ашу. Осыған байланысты кейде мұғалімдерге артық немесе сабақтан тыс жұмыстар жүктеліп жатады. Сол жұмыстарды жеңілдету қарастырылған. Қазіргі таңда цифрлық платфорға көшу соның ішінде қағаздарды электронды жүйеге көшіру оны тек электронды жүйеге көшіріп қана қоймай мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайту мысалы бір жүктеген жұмысты бірнеше рет жүктеу ол мұғалімдерге артық күш әкеледі. Оған жұмсайтын уақытты оқушыларға арнау керек деп айтып көрсетілген. Маған осы жері ұнады.  

Ұстаз мәртебесін көтеру – білім сапасына жасалған инвестиция. Ал білімді ұрпақ – елдің ертеңі, мемлекеттің басты капиталы.

Салтанат Кеңесбекқызы


Бөлісу