Негізгі Жаңалықтар Ауылдың жолдары реттелуде

Ауылдың жолдары реттелуде

Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында жол инфрақұрылым дамыту қажеттігін нықтап тапсырды. Облыста ауданаралық және ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асырылуда. Жолдың талапқа сай болуы кез келген ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің дамуына ықпал етеді. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар Ұлан ауданында кестеге сәйкес жүргізілуде. Мәселен, соңғы екі жылда аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендерге асфальт төселді.

Бұл аудан орталығынан шалғай орналасқан Каменка ауылдық округіне қарасты Тройницкое ауылына апаратын жол. Екі ауыл арасында халық жиі қатынайды. 9 шақырымдық жолдық өз машақаты бар. 

Мейіргүл Мәсәлімова, ауыл тұрғыны:

Менің көлік жүргізгеніме 30 жылдай болды. Осы екі ауыл аралығындағы жолмен жиі қатынаймын. Қыста жолға шағым жоқ. Жол жақсы. Күз көктемде жаңбыр жауғанда қиын. Өзім де көлік жүргізетіндіктен, бұл мәселені жақсы білемін. Қазір ауылға келдім. Жолда техникалардың жұмыс істеп жатқанын көрдім. Жолға қиыршық тас төселіп, грейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл мәселеден аудан басшылығы да хабардар. Қазіргі кезде тұрғындардың өтінішін ескере отырып, жолдың сапасын жақсарту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Каменка Тройницкое аралығындағы жол учаскесінің мәселесін аудан әкімінің халықпен кездесуінде осы ағымдағңы жылдың 17 қарашасында халықпен көтерілген болатын. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда Каменка Тройницкое жолында жөндеу жұмыстарын бастадық. Аудан әкімімен кездесуінде көтерілген мәселелер жалпы жан-жақты жүйелі талқыланып, аталған мәселелерді шешуге толықтай күшімізді жұмсап жатырмыз. 

Екі ауылды жалғап тұрған жолды күтіп-ұстау жұмыстарына аудандық коммуналдық мекеме жауапты. Олар қыста жолды қардан тазалап, күз бен көктемде қиыршық тас төсеп, тегістеу жұмыстарын жүргізеді.  

Серік Төлесов, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы:

Қазіргі уақытта жолға қиыршық тас төсеу және одан кейін грейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға төрт арнайы техника жұмылдырылған. Самосвалдар карьерден алынған ірі тас қиыршықтарын тасымалдап, жолға төсеуде. Одан кейін төселген материал арнайы катокпен нығыздалады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жолдың ылғалға, жаңбыр мен қарға төзімділігі артады. Биыл ұзындығы 9 шақырымды құрайтын дәл осы жол учаскесінде төрт рет грейдерлеу жұмыстары жүргізілді.

Мамандар жол жөндеу жұмыстарын осы аптаның соңында толық аяқтайды.  

Салтанат Кеңесбекқызы



Бөлісу