Негізгі Жаңалықтар Тұтынушылар күні

Тұтынушылар күні

Тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алып, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібімен танысуға мүмкіндік алған Өскемен тұрғындары «Тұтынушылар күні» шарасына қатысты. Кездесу азаматтар мен мемлекеттік органдар өкілдері арасында тікелей диалог орнату мақсатында ұйымдастырылды. 

Іс-шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті ұйымдастырды. Кездесу азаматтар мен мемлекеттік органдар өкілдері арасында ашық пікір алмасуға арналған алаңға айналды. 

Аслан Жүкенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы:

Бұл жиынның мақсаты- мемлекеттік қызмет көрсететін органдар мен қызмет алушылар арасында ашық диалог орнату. Азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша нақты түсініктемелер беріп, қызметтерді көрсету тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап беру. 

Мұнда жеке өтініштерді қараумен қатар, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кездесетін мәселелерін анықтауға да ерекше назар аударылды.

Аслан Жүкенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы:

Мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі, олар азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу барысында кездесетін өзекті әрі жүйелі мәселелерін анықтауға, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. 

Мұндай кездесулер мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Фатима Тілейханқызы


Бөлісу