Негізгі Жаңалықтар Шемонаихада өнеркәсіп өндірісі артты

Шемонаихада өнеркәсіп өндірісі артты

Шемонаиха ауданының биылғы жылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын аудан әкімі Ержан Шурманов брифинг барысында жариялады. Есепті кезеңде аудан кәсіпорындары 152,9 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірген. Өңдеу өнеркәсібінде де оң динамика байқалады. Бұл саладағы өндіріс көлемі 19,6 пайызға артып, 40,7 миллиард теңгеге жеткен. Инвестиция тарту бағытында да белсенділік сақталып отыр. Он айда аудан экономикасына 28,4 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Аталған ауданының экономикасы инвестициялық тартымдылығын сақтап отыр. Қаржының басым бөлігі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік инфрақұрылымына бағытталуда. Бұл бағыттар өңір экономикасын дамытудың негізгі тірегіне айналып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Ержан Шұрманов, Шемонаиха ауданының әкімі:

Өткен кезеңде аудан экономикасына 28 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталды. Өсім динамикасына тоқталсақ, оның 66 пайызы өнеркәсіп саласына, 17 пайызы ауыл шаруашылығын дамытуға, ал 13 пайызы көлік саласына тиесілі. Қазіргі уақытта ауданда бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар да бар.

Шемонаиха ауданында туризм саласын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға, табиғи аумақтарды абаттандыруға және демалыс орындарын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Аудан билігі өңірдің туристік әлеуетін ашып, саяхатшылар үшін тартымдылығын арттыруды, сондай-ақ тұрғындар мен қонақтардың жайлы демалуына қолайлы жағдай жасауды көздеп отыр.

Ержан Шұрманов, Шемонаиха ауданының әкімі:

Биыл біз «Uba Open Fest 2026» туристік фестивалін өткіздік. Сонымен қатар туристік слеттер, түрлі жарыстар ұйымдастырылды. «Мортус» клубы альпинизм бойынша жаттығулар өткізді. Маңызды жобалардың бірі – Шемонаиха қаласындағы «Марьин Утес» экопаркін абаттандыру жұмыстары болды. Бұдан бөлек, спорттық туризм де дамып келеді. «Challenge Sprint» өңірлік жарыстары ұйымдастырылды. Туризм саласына жеке инвестициялар тартылып, қонақүйлер мен демалыс базаларын салу, сондай-ақ бұрыннан жұмыс істеп тұрған демалыс орындарын кеңейту жобалары жүзеге асырылуда.

Алдағы жоспарға Уба өзені бойындағы туристік аймақтарды дамыту, жазғы-қысқы демалыс орындарын ашу және Лосиха өзені жағасынан туристік база салу кіреді. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті қолдау көзделген.



Бөлісу