Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі отбасымен бірге дауыс берді

Облыс әкімі отбасымен бірге дауыс берді

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі №50 мектепте орналасқан №1193 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы сайлау учаскесіне отбасымен бірге келді. 

Таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне келушілер саны көп. Тұрғындар дауыс беріп, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып жатыр. Учаскелік сайлау комиссия мүшелері дауыс беру үдерісінің белгіленген тәртіпке сай өтуін қамтамасыз етуде.

Жансерік Ысқақов, №1193 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлау – еліміз үшін маңызды күн. Сайлау учаскесін таңғы сағат 7-де ашқан болатынбыз. Адамдардың қарасы өте көп. Белсенді келіп жатыр. 

Сайлау учаскесінде комиссия мүшелерімен қатар байқаушылар да жұмыс істеп жатыр. Олар дауыс беру барысын қадағалап, сайлау рәсімдерінің сақталуына назар аударды.

Нұрдана Бауыржанқызы, байқаушы:

Учаскеде ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Барлығы тыныш, қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Сайлаушылар кандидаттар туралы ақпаратпен таныса алатын стенд те бар. Бүгін халықтың белсенді дауыс беріп, ел болашағына қызығушылық танытып жатқаны қуантады.

Сайлауға аға буын өкілдері де қатысуда. Олардың қатарында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев та бар. 

Айтқазы Шерубаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлау үлкен бір науқан.... дами береміз деп ойлаймыз. 

Бұл күннің тағы бір ерекшелігі — кейбір сайлау учаскесінің маңында жәрмеңке ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелерінен сүт, сары май, ірімшік және өзге де азық-түлікті табуға болады. Ал тұтынушыларға ыстық шай мен жаңа піскен бауырсақ ұсынылды. Сайлаушылардың көңілін көтеру үшін концерт ұйымдастырылды.

Серік Сейсенбі, кәсіпкер:

Бүгін ақ тамақ, құрт, май, ірімшік, тары, талқан тауарларын әкеліп тұрған жайымыз бар. Кісілер келіп жатыр. Алып жатыр ақырындап. 

Сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындар өз таңдауын жасауда. 

Фатима Тілейханқызы


Бөлісу